Матч орталығы
«Қайраттың» еурокубоктағы қарсыласы әлемдегі ең көп жанкүйер жинайтын клубтардың бірі атанды
23 қараша, 13:10

Transfermarkt порталы 2026/27 жылғы маусымда өз алаңындағы матчтарға орташа есеппен ең көп көрермен жинайтын әлемнің футбол клубтарының рейтингін ұсынды, деп хабарлайды ASnews.kz.
Тізімнің көшін дортмундтық «Боруссия» сенімді түрде бастап тұр – неміс командасының «Сигнал Идуна Парк» стадионындағы ойындарына орташа есеппен 81 365 жанкүйер келеді. Екінші орында бір кездесуде 75 214 көрермен көрсеткішімен миландық «Интер» орналасса, үздік үштікті мюнхендік «Бавария» (75 000) түйіндеп тұр.
Transfermarkt нұсқасы бойынша 2026/27 жылғы маусымда әлемдегі ең көп жанкүйер жинайтын топ-10 клуб:
«Боруссия» Дортмунд (Германия) – 81 365 көрермен;
«Интер» (Италия) – 75 214;
«Бавария» (Германия) – 75 000;
«Милан» (Италия) – 74 545;
«Реал» Мадрид (Испания) – 73 614;
«Манчестер Юнайтед» (Англия) – 72 395;
«Атлетико» Мадрид (Испания) – 66 268;
«Рома» (Италия) – 65 728;
«Фламенго» (Бразилия) – 64 711;
«Бетис» (Испания) – 63 309.
Еске сала кетейік, өткен 2025/26 жылғы маусымда миландық «Интер» УЕФА Чемпиондар лигасы жалпы кезеңінің 4-туры аясында «Сан-Сиро» стадионында алматылық «Қайратты» қабылдаған болатын. Кездесу италиялық клубтың 2:1 есебімен минималды жеңісімен аяқталды: Лаутаро Мартинес (45-минут) пен Карлос Аугустоның (67-минут) голдарына қазақстандықтар Офри Арадтың (55-минут) дәл соққысымен жауап беріп, 2025/26 жылғы Чемпиондар лигасы маусымында миландықтардың қақпасынан саңылау тапқан алғашқы команда атанды.
Ахмет Ержанов