Матч орталығы
Бес ойыншысы жоқ, Сәтпаев әзірге белгісіз: «Бернлиде» жарақат алғандардың жағдайы белгілі болды
7 қазан, 17:33

Фото: Дастан Сәтпаев
«Бернли» сенбі күні Чемпионшиптің 9-туры аясында «Уотфордқа» қонаққа барады. Осы тұста BurnleyExpress порталы матчқа қатыспайтын футболшылардың тізімін жариялады, деп хабарлайды ASnews.kz.
«Бернли» сапында жарақатынан айығып үлгермеген ойыншылардың қатарында Энок Агеи, Луис Байер, Ганнибал Мейбри, Башир Хамфрис, Аарон Рэмси бар.
Ал Дастан Сәтпаев, Джош Каллен және Джейдон Банел жарақатынан жазылғанымен, алдағы матчқа қатысу-қатыспауы әзірге белгісіз болып тұрғандардың қатарында екен.
«Бернли» маусымды өте нашар бастап, 8 матчтың ешқайсысында жеңіске жете алмады. Қазір төрт ұпаймен, ең соңғы, 24-орында тұр. Ал «Уотфорд» сегіз ұпаймен 20-орында келеді.
Айтпақшы, «Уотфорд» сапында да Майкл Антонио, Марк Бола, Эдуардо Бове, Джек Гривз секілді ойыншылары бұл матчқа қатыса алмайды.
Қыркүйек айында Сәтпаев сан бұлшықетін жарақаттап алып, оңалту процессінен өту үшін уақытша Кобхэмдегі «Челсидің» базасына оралған болатын.
Ернар Ламқадыров