Матч орталығы

Месси МЛС матчында қарсыластың бетіне доп лақтырды: видео

22 қараша, 08:18

Месси МЛС матчында қарсыластың бетіне доп лақтырды: видео

Фото: Лионель Месси

«Интер Майами» шабуылшысы Лионель Месси МЛС плей-офф кезеңінің бастапқы раундындағы «Коламбус Крю» командасына қарсы бірінші ойында спорттық әдепке жат қылығымен көзге түсті, ал оның командасы 0:3 есебімен ірі жеңіліске ұшырады, деп хабарлайды ASnews.kz.

Бірінші таймға қосылған уақытта алаң иелерінің капитаны допты қапталдан ойынға қосуға дайындалған сәтте, қонақтардың чилилік форварды Гонсало Тапия оның дәл алдына тұрып алған. Аргентиналық футболшы допты жақын қашықтықтан тікелей қарсыласының бетіне лақтырып жіберді. Осы оқиғаның қорытындысы бойынша 45+4-минутта бас төреші екі футболшыға да сары қағаз көрсетті.

Кездесудің өзі Гонсало Тапияның дублі (9-минутта пенальтиден, 58-минутта) мен Таха Хабрунның (52-минут) голының арқасында «Коламбустың» ірі жеңісімен аяқталды. Сонымен қатар 36-минутта қорғаушы Гонсало Лухан алаңнан қуылғаннан кейін алаң иелері бір ойыншыға кем ойнады.

«Интер Майами» мен «Коламбус» арасындағы текетірес екі жеңіске дейінгі серия форматында өтуде, әзірге қонақтар 1:0 есебімен алда тұр. Командалар келесі кездесуді 28 қарашада «Крю» алаңында өткізеді (басталуы – Астана уақытымен 06:00-де).

Басты жаңалықтар

Халықаралық футбол  22 қараша, 08:18

Месси МЛС матчында қарсыластың бетіне доп лақтырды: видео

1
Халықаралық футбол  21 қараша, 21:34

Нұралы Әліп ойнайтын «Зенит» РПЛ матчында «Рубиннен» жеңіліп қалды

2
ҚПЛ  21 қараша, 18:14

Украиналық бапкер «Ордабасыға» ауысқан Гуцуляк туралы: Еуропада мұндай жалақы алмас еді

3
ҚПЛ  21 қараша, 13:36

«Ақтөбе» легионерімен қош айтысты

4
Халықаралық футбол  21 қараша, 11:52

Чесноковтың «Ростовтан» жеңілгеннен кейінгі бағасы белгілі болды

5
ҚПЛ  21 қараша, 10:59

ҚПЛ-дың африкалық шабуылшысы: Бонифейстің «Ордабасыға» ауысуы – мансабындағы кері қадам

6
Барлық жаңалықтар

Турнирлік кесте

Қазақстан Премьер-Лигасы
#
Команда
О
Ж
Т
Ұ
+/-
Ұпай
1
ОрдабасыОрдабасы
30
21
5
4
36
68
2
ҚайратҚайрат
30
19
8
3
37
65
3
АстанаАстана
30
15
9
6
17
54
4
ОқжетпесОқжетпес
30
16
6
8
11
54
5
АқтөбеАқтөбе
30
14
7
9
8
49
6
ЕлімайЕлімай
30
12
9
9
-1
45
7
ТобылТобыл
30
12
5
13
0
41
8
ЖеңісЖеңіс
30
9
9
12
-8
36
9
ҰлытауҰлытау
30
9
8
13
-11
35
10
ҚызылжарҚызылжар
30
9
6
15
-11
33
11
КаспийКаспий
30
9
6
15
-12
33
12
ЕртісЕртіс
30
8
8
14
-13
32
13
АтырауАтырау
30
6
12
12
-8
30
14
АлтайАлтай
30
6
10
14
-11
28
15
ЖетісуЖетісу
30
6
9
15
-18
27
16
ҚайсарҚайсар
30
4
13
13
-16
25