Матч орталығы

«Оларда бәрі швейцариялық сағаттай жұмыс істеді»: Мұртазаев «Ордабасының» «алтын дублі» туралы пікір білдірді

22 қараша, 11:02

«Оларда бәрі швейцариялық сағаттай жұмыс істеді»: Мұртазаев «Ордабасының» «алтын дублі» туралы пікір білдірді

Фото: «Ордабасы» ФК

Семейлік «Елімай» клубының шабуылшысы Роман Мұртазаев шымкенттік «Ордабасының» өткен маусымдағы жетістігіне баға беріп, команданың чемпион атануына норвегиялық форвард Бьорн Йонсеннің қосқан үлесін ерекше атап өтті, деп хабарлайды ASnews.kz.

«Биыл «Ордабасы» өте мықты, теңгерімді және шебер ойыншылары көп команда болды. Олар чемпиондықты да, ел Кубогын да әділ жеңіп алды – бәрі орынды. Жазғы трансферлік кезең көп нәрсені шешті. Оған қоса бапкерлер штабы да өте білікті: оларда бәрі швейцариялық сағаттай жұмыс істеді, бәрі нақты әрі жоғары деңгейде болды», – деді Мұртазаев «Футбол Жолы» YouTube-арнасына берген сұхбатында.

Форвард шымкенттіктердің үздік сұрмергені Бьорн Йонсеннің ойынына жеке тоқталып, шабуылшының жасы жоғары нәтиже көрсетуіне кедергі болмағанын айтты.

«Олардың командасындағы ең басты ойыншы – сол. Бүкіл команда соған жұмыс істейді: әріптестері паспен қамтамасыз етті, ал ол гол соғып, өз ісін өте тиянақты атқарды. Ол командаға келгенде көпшілігі жасына байланысты күмәнмен қараған еді, бірақ төлқұжатқа ешқашан қараудың қажеті жоқ. 1991 жылы туған ойыншы келіп, жастың жай ғана сан екенін, ал тәжірибенің бәрін шешетінін іс жүзінде дәлелдеді. Ол чемпионаттың жартысында ғана ойнап, 14 гол соқты және командасына чемпиондық сыйлады», – деп қосты шабуылшы.

Еске сала кетейік, өткен маусымның қорытындысы бойынша «Ордабасы» Қазақстан чемпионы атанды, ал ел Кубогының финалында қызылордалық «Қайсарды» жеңді. Маусым барысында клуб қатарын толықтырған норвегиялық шабуылшы Бьорн Йонсен шымкенттік ұжым табысының басты себепкерлерінің бірі болды.

«Елімай» шабуылшысы Карповичтің кетуі туралы: бұны ешкім күтпеген еді

Басты жаңалықтар

ҚПЛ  22 қараша, 11:02

«Оларда бәрі швейцариялық сағаттай жұмыс істеді»: Мұртазаев «Ордабасының» «алтын дублі» туралы пікір білдірді

1
Халықаралық футбол  22 қараша, 08:18

Месси МЛС матчында қарсыластың бетіне доп лақтырды: видео

2
Халықаралық футбол  21 қараша, 21:34

Нұралы Әліп ойнайтын «Зенит» РПЛ матчында «Рубиннен» жеңіліп қалды

3
ҚПЛ  21 қараша, 18:14

Украиналық бапкер «Ордабасыға» ауысқан Гуцуляк туралы: Еуропада мұндай жалақы алмас еді

4
ҚПЛ  21 қараша, 13:36

«Ақтөбе» легионерімен қош айтысты

5
Халықаралық футбол  21 қараша, 11:52

Чесноковтың «Ростовтан» жеңілгеннен кейінгі бағасы белгілі болды

6
Барлық жаңалықтар

Турнирлік кесте

Қазақстан Премьер-Лигасы
#
Команда
О
Ж
Т
Ұ
+/-
Ұпай
1
ОрдабасыОрдабасы
30
21
5
4
36
68
2
ҚайратҚайрат
30
19
8
3
37
65
3
АстанаАстана
30
15
9
6
17
54
4
ОқжетпесОқжетпес
30
16
6
8
11
54
5
АқтөбеАқтөбе
30
14
7
9
8
49
6
ЕлімайЕлімай
30
12
9
9
-1
45
7
ТобылТобыл
30
12
5
13
0
41
8
ЖеңісЖеңіс
30
9
9
12
-8
36
9
ҰлытауҰлытау
30
9
8
13
-11
35
10
ҚызылжарҚызылжар
30
9
6
15
-11
33
11
КаспийКаспий
30
9
6
15
-12
33
12
ЕртісЕртіс
30
8
8
14
-13
32
13
АтырауАтырау
30
6
12
12
-8
30
14
АлтайАлтай
30
6
10
14
-11
28
15
ЖетісуЖетісу
30
6
9
15
-18
27
16
ҚайсарҚайсар
30
4
13
13
-16
25