«Бойында табиғи талант бар»: BBC сарапшысы Сәтпаевтың «Бернлидегі» болашағы мен бейімделуі туралы

1 қыркүйек, 21:10

«Бойында табиғи талант бар»: BBC сарапшысы Сәтпаевтың «Бернлидегі» болашағы мен бейімделуі туралы

Фото: Дастан Сәтпаев

BBC Radio Lancashire Росс Хитон журналисі ASnews.kz тілшісі Ерғанат Қабдұлқаққа берген сұхбатында «Бернли» сапында өнер көрсететін 18 жастағы қазақстандық шабуылшы Дастан Сәтпаевтың бейімделуі, ойын деңгейі және Чемпионшиптегі келешегі туралы айтып берді.

Сәтпаевтың «Норвичке» қарсы кездесудегі (1:4) өнеріне тоқталған ағылшындық маман жас футболшының командадағы ең үздіктердің бірі болғанын атап өтті:

«Бұл өте әсерлі матч болды. «Бернли» үшін ауыр күн болғанына қарамастан, Дастанның алаңдағы жауапкершілігі мен ұмтылысы жоғары болды. Күш-жігері де, шеберлігі де керемет. Меніңше, ол 10-нан 9 немесе 10 баллға өнер көрсетті. «Бернли» жанкүйерлері оның осы уақытқа дейін көрсеткен ойынына өте қуанышты. Біз оны ойыншы ретінде, қай позицияда үздік екенін әлі толық танып келеміз, бірақ оның әлеуеті өте зор», – деді Росс Хитон.

Сарапшы сонымен қатар Чемпионшиптің физикалық қиындығы мен Сәтпаевтың алаңнан тыс бейімделу үрдісіне де назар аударды:

«Чемпионшип – өте ауыр, физикалық тұрғыдан қиын турнир. Ойындар тығыз өтеді және командалар әртүрлі стильде ойнайды. Кейбіреулері допты төменде ұстап ойнаса, енді бірі дөрекі, қатты ойын көрсетеді. Сәтпаев сияқты жас әрі техникасы жоғары ойыншыға қарсы қатты ойнауы мүмкін, бұған да бейімделу керек. Оның «Челсиде» болғаны және сұхбаттарында ағылшынша сөйлесуге тырысуы ұжымға сіңісіп кетуіне өте жақсы көмектеседі. Оған артық қысым жасамай, дамуына мүмкіндік беру керек. Бойында табиғи таланты да, қажетті менталитеті де бар, сондықтан ол керемет футболшы бола алады», – деп түйіндеді сөзін BBC журналисі.

18 жастағы қазақстандық форвард Дастан Сәтпаев «Бернли» сапында лондондық «Челсиден» жалға алу құқығымен өнер көрсетеді. Чемпионшиптің үшінші турында «Норвичке» қарсы өткен кездесуде (1:4) Сәтпаев алғаш рет негізгі құрамда шығып, толық 90 минут бойы өнер көрсетті. Төрт сәтті алдап өту жасап, үш шешуші пас берген ол Flashscore сараптамалық порталының нұсқасы бойынша 7.5 бағасын алып, өз командасындағы ең үздік ойыншы атанған болатын.

«Команданың үздігі»: Burnley Express сарапшысы – Дастан Сәтпаевтың Англиядағы феномені туралы

Тағы да оқыңыз

Бүгін, 19:07

«Бернли» бапкері Сәтпаевтың бәсекелесінің кетуі жайлы мәлімдеме жасады

Бүгін, 16:42

«Yo-Yo дербиі» өз көзіммен: «Норвич»—«Бернли» | Дастан Сатпаев (влог)

Бүгін, 14:47

«Ордабасы» басшылығы легионер лимитіне қарсылығын білдірді

Бүгін, 13:19

Құрамды тазалау: Дастан Сәтпаевтің «Бернлиінде» трансферлік мерзімнің соңғы күні қалай өтуде

Бүгін, 11:55

Дастан Сәтпаевтың «Бернлиі» «Манчестер Юнайтед» қорғаушысын сатып алуды көздеп отыр

Бүгін, 10:42

Әлемнің бес дүркін үздік қақпашысы Игита футзалдағы жалақы мен мансабынан кейінгі жоспары туралы айтып берді

Басты жаңалықтар

Халықаралық футбол  1 қыркүйек, 21:10

«Бойында табиғи талант бар»: BBC сарапшысы Сәтпаевтың «Бернлидегі» болашағы мен бейімделуі туралы

1
Халықаралық футбол  1 қыркүйек, 19:07

«Бернли» бапкері Сәтпаевтың бәсекелесінің кетуі жайлы мәлімдеме жасады

2
Халықаралық футбол  1 қыркүйек, 16:42

«Yo-Yo дербиі» өз көзіммен: «Норвич»—«Бернли» | Дастан Сатпаев (влог)

3
ҚПЛ  1 қыркүйек, 14:47

«Ордабасы» басшылығы легионер лимитіне қарсылығын білдірді

4
Халықаралық футбол  1 қыркүйек, 13:19

Құрамды тазалау: Дастан Сәтпаевтің «Бернлиінде» трансферлік мерзімнің соңғы күні қалай өтуде

5
Халықаралық футбол  1 қыркүйек, 11:55

Дастан Сәтпаевтың «Бернлиі» «Манчестер Юнайтед» қорғаушысын сатып алуды көздеп отыр

6
Барлық жаңалықтар

Турнирлік кесте

Қазақстан Премьер-Лигасы
#
Команда
О
Ж
Т
Ұ
+/-
Ұпай
1
ОрдабасыОрдабасы
23
17
4
2
30
55
2
ҚайратҚайрат
22
15
6
1
29
51
3
АстанаАстана
22
12
6
4
13
42
4
ОқжетпесОқжетпес
23
11
6
6
4
39
5
АқтөбеАқтөбе
23
10
5
8
5
35
6
ЕлімайЕлімай
22
8
8
6
3
32
7
ҰлытауҰлытау
23
8
7
8
-3
31
8
ЖеңісЖеңіс
22
7
8
7
-2
29
9
ТобылТобыл
23
8
4
11
-5
28
10
КаспийКаспий
23
7
5
11
-6
26
11
ҚызылжарҚызылжар
23
6
5
12
-11
23
12
АтырауАтырау
22
3
11
8
-7
20
13
ЕртісЕртіс
22
4
8
10
-9
20
14
ҚайсарҚайсар
23
3
11
9
-10
20
15
АлтайАлтай
23
4
7
12
-14
19
16
ЖетісуЖетісу
23
4
7
12
-17
19