Матч орталығы
Ресейлік сарапшы РПЛ-дің топ-клубтарының Самородовқа деген қызығушылығы туралы айтты
22 тамыз, 13:56

Фото: Максим Самородов
Ресейлік сарапшы әрі Спорт-Экспресс тілшісі Константин Белов ASnews.kz сайтына берген сұхбатында Максим Самородовтың «Ахматқа» ауысуын ерекше атап өтті.
«ҚПЛ-дан РПЛ-ге тікелей ауысқан ойыншылардың бәрі бірдей біздің елде сіңісіп, бәсекеге қабілетті болып кете бермейді. Мысалы, Назми Грипши деңгейін көтеріп, «Рубиннің» негізгі ойыншысына айналса, Джеффри Чинеду «Крылья Советовта» орнын шабуылшы емес Амар Рахмановичке босатып берді.
Әрине, мұндай трансферлердің ішіндегі ең сәттісі – Максим Самородовтың «Ахматқа» ауысуы. Ол керемет ойын көрсетіп, Ресейдің топ-клубтарының назарын өзіне аударды. Осы жазда қазақстандық футболшыны «Спартак» сатып алғысы келді», – деді Белов.
«Ақтөбе» мектебінің түлегі Максим Самородов «Ахмат» сапына 2024 жылдың жазында қосылды. Қазақстан құрамасының 24 жастағы шабуылшысы грозныйлық клуб сапында өткізген 71 ойында 14 гол соғып, 14 нәтижелі пас берді.
Ағымдағы трансферлік кезеңде ресейлік «Крылья Советов» клубы «Тобылдың» вингері Ислам Чесноковты арендаға алды. Бұл – оның мансабындағы үшінші шетелдік команда.
Ресейде Чесноковқа сенім артуда: ол «Крылья Советовта» негізгі құрам ойыншысы атануы мүмкін
Максим Самородов: өмірбаяны, толық ақпарат, жалақысы, жеке өмірі, жары. Мәскеулік «Спартакқа» ауысуы
Әлишер Аманжол