«Клубтың бір бөлігі атанғаныма қуаныштымын»: Дастан Сәтпаевтың «Бернлиге» ауысқаннан кейінгі алғашқы сұхбаты

21 тамыз, 21:12

«Клубтың бір бөлігі атанғаныма қуаныштымын»: Дастан Сәтпаевтың «Бернлиге» ауысқаннан кейінгі алғашқы сұхбаты

Фото: Дастан Сәтпаев

Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы Дастан Сәтпаев лондондық «Челсиден» жалға ауысқаннан кейін «Бернлидің» клубтық баспасөз қызметіне алғашқы сұхбатын берді, деп хабарлайды ASnews.kz.

Ауысуы және алғашқы әсерлері туралы

«Алғашқы күндер өте жақсы өтті, өйткені жігіттер өте бауырмал, әрқашан көмек қажет пе деп сұрап тұрады. Осында жүргеніме және осы клубтың бір бөлігі атанғаныма өте қуаныштымын», – деп атап өтті қазақстандық форвард.

Бас бапкер Ники Хайенмен жұмыс туралы

«Бапкер Ники Хайен де өте жақсы, арамызда жақсы түсіністік бар. Ол менің командаға келгеніме қуанышты екенін айтты. Бапкердің мұндай сенім білдіргені мен үшін өте маңызды. Енді тек алға ұмтылып, өз ойынымды ары қарай дамыта түсуім керек», – деп қосты Сәтпаев.

18 жастағы шабуылшы «Бернлиге» 2026/27 маусымының соңына дейін кейіннен сатып алу құқығынсыз жалға берілді.

2026 жылдың жазында «бордолардың» тізгінін Скотт Паркер кеткеннен кейін үш жылдық келісімшартқа отырған 45 жастағы бельгиялық маман Ники Хайен ұстады.

Сәтпаев қазірдің өзінде жалпы топта жаттығып жатыр және ол Чемпионшиптің екінші турындағы «Вест Бромвич Альбионға» қарсы сырт алаңдағы матчтың өтініміне енеді деп күтілуде.

«Ғажайып трансфер»: әйгілі британдық сарапшы Сәтпаевтың «Бернлиге» ауысуын бағалады

«Бернли»: клуб туралы ақпарат, тарихы, стадионы, бапкері. Дастан Сәтпаев қайда кетті?

Басты жаңалықтар

Халықаралық футбол  20 қараша, 20:05

Дастан Сәтпаев оңалтудан өту үшін «Челсиге» оралды

1
Халықаралық футбол  20 қараша, 18:45

УЕФА Ұлттар лигасы плей-офф кезеңінің барлық жұбы анықталды

2
ҚПЛ  20 қараша, 16:22

«Ордабасының» жаңа шабуылшысы кім? Виктор Бонифейс, өмірбаяны, жетістіктері және жалақысы

3
ҚПЛ  20 қараша, 15:33

«Елімай» шабуылшысы Карповичтің кетуі туралы: бұны ешкім күтпеген еді

4
ҚПЛ  20 қараша, 13:44

Андрей Мартин: «Ордабасыдан» кеткеннен кейін үзіліс алмаймын

5
ҚПЛ  20 қараша, 12:21

«Ақтөбе» жаңа маусымға бас бапкерін анықтады

6
Барлық жаңалықтар

Турнирлік кесте

Қазақстан Премьер-Лигасы
#
Команда
О
Ж
Т
Ұ
+/-
Ұпай
1
ОрдабасыОрдабасы
30
21
5
4
36
68
2
ҚайратҚайрат
30
19
8
3
37
65
3
АстанаАстана
30
15
9
6
17
54
4
ОқжетпесОқжетпес
30
16
6
8
11
54
5
АқтөбеАқтөбе
30
14
7
9
8
49
6
ЕлімайЕлімай
30
12
9
9
-1
45
7
ТобылТобыл
30
12
5
13
0
41
8
ЖеңісЖеңіс
30
9
9
12
-8
36
9
ҰлытауҰлытау
30
9
8
13
-11
35
10
ҚызылжарҚызылжар
30
9
6
15
-11
33
11
КаспийКаспий
30
9
6
15
-12
33
12
ЕртісЕртіс
30
8
8
14
-13
32
13
АтырауАтырау
30
6
12
12
-8
30
14
АлтайАлтай
30
6
10
14
-11
28
15
ЖетісуЖетісу
30
6
9
15
-18
27
16
ҚайсарҚайсар
30
4
13
13
-16
25