Матч орталығы
УЕФА Ұлттар лигасы плей-офф кезеңінің барлық жұбы анықталды
20 қараша, 18:45

Швейцарияның Ньон қаласында 2026/27 жылғы маусымдағы УЕФА Ұлттар лигасының шешуші кезеңі мен өтпелі матчтарының ресми жеребесі тартылды, деп хабарлайды ASnews.kz.
Жеребе қорытындысы бойынша турнирдің 1/4 финалында келесі жұптар қалыптасты:
Испания – Франция
Нидерланд – Португалия
Норвегия – Англия
Бельгия – Германия
А лигасында өнер көрсету құқығы үшін өтетін өтпелі матчтар:
Босния және Герцеговина – Дания
Мажарстан – Сербия
Ирландия – Хорватия
Словения – Уэльс
В және С лигалары арасындағы өтпелі жұптар:
Кипр – Солтүстік Македония
Эстония – Румыния
Фарер аралдары – Грузия
Беларусь – Израиль
Ширек финалдық кездесулер мен дивизиондардағы орынды сақтап қалу және жоғарылау үшін өтетін барлық өтпелі матчтар 2027 жылдың наурыз айында өтеді. Турнирдің финалдық кезеңі 2027 жылдың 9-13 маусым аралығына жоспарланған.
Ахмет Ержанов