«Генктің» қазақстандық шабуылшысына Еуропада баға берілді

17 тамыз, 20:22

«Генктің» қазақстандық шабуылшысына Еуропада баға берілді

Фото: Шахмұрат Дәулетов

Бельгиялық «Эйпеннің» орталық қорғаушысы Игорь Пластун ASnews.kz сайтына берген сұхбатында «Йонг Генк» вингері Шахмұрат Дәулетовтің қабілетін бағалады.

Бұл турнир — қазақстандық футболшы үшін тамаша мүмкіндік

«Мен қазақстандық медиа-ресурстарды бақылап отырамын, сондықтан Дәулетовтің ойынынан фрагменттерді көрдім. Ол – жылдам әрі техникасы жоғары жігіт, бірақ ескеру керек: Бельгия екінші дивизионының қарқыны ҚПЛ-дан жоғары. Мен «Ордабасыдан» тікелей «Эйпенге» ауысқандықтан, қос чемпионаттың деңгейін салыстыра аламын.

Бұл жерде Қазақстандағыдай техникасымен ерекшеленетін ойыншылар көп емес, бірақ айырмашылықтары ұшан-теңіз. Мысалы, қорғаушы ретінде мен қарсыластардың деңгейі туралы ойламаймын – олар жылдамдық есебінен мықтырақ болып тұрады. Сондықтан Шахмұрат өз шеберлігін көрсете алады», – деді 35 жастағы украиналық футболшы.

«Йонг Генк» — жасырын фаворит пе, әлде сенімді үміткер ме?

«Бұл – болжай алмайтын ойындары бар тартысты әрі қызықты чемпионат. Нақты фавориттер мен аутсайдерлер жоқ. Есепке (4:1) қарамастан, «Генкпен» ойын қиынға соқты: олар тез арада таразы басын теңестіріп, бірнеше мүмкіндік жасады, бірақ, бағымызға орай, біз матч тағдырын өзіміздің пайдамызға шешіп кеттік.

Екінші лигада Про-лигада ойнайтын төрт клубтың жастар құрамы өнер көрсетеді: «Андерлехт», «Генк», «Гент» және «Брюгге». Бұл олардың академияларының сапасын көрсетеді – олар елдегі ең үздік футбол мектептері. Ересектер деңгейіне өту әркімде әртүрлі болғанымен, таланттар қашан да жеткілікті».

Ең бастысы – шектен тыс тәуекелге бармау

«Шахмұраттың командасында алдыңғы шепте жекелей шеберлікте қарсыласты айналып өтуден қорықпайтын жақсы футболшылар бар. Олар тәуекелді жақсы көреді, кейде тым асыра сілтеп жібереді – қарсыластардың стратегиясы да осыған құрылады. Жастар академиясының түлегі қаншалықты талантты болғанымен, 90 минут бойы қысым астында ойнағанда міндетті түрде қателік жібереді», – деп қосты ол.

Бельгия екінші дивизионының алғашқы турында «Эйпен» «Ордабасының» экс-қорғаушысы Игорь Пластун соққан голдың арқасында «Йонг Генкті» 4:1 есебімен тас-талқан етті. Украиналық футболшы ҚПЛ-да 23 матч өткізген болатын.

17 жастағы Шахмұрат Дәулетов бұл ойынның өтініміне енбей қалды. Ағымдағы маусым қонақтардың шабуылшысы үшін кәсіпқой футболшылар арасындағы алғашқы маусым болмақ. Өткен жылы ол «Генк» U-18 сапында сегіз гол соғып, төрт нәтижелі пас берген.

Жас қазақстандық шабуылшы Данияда үздіктердің бірі атанды

Басты жаңалықтар

Халықаралық футбол  7 қазан, 17:33

Бес ойыншысы жоқ, Сәтпаев әзірге белгісіз: «Бернлиде» жарақат алғандардың жағдайы белгілі болды

1
Халықаралық футбол  7 қазан, 15:36

Қазақстандық шабуылшы Еуропаның танымал клубымен келісімшартқа отырды

2
Ұлттық құрама  7 қазан, 13:48

Мәулен – ұлттық құрама бапкері жайлы: жаңа бапкерді Югославия жақтан қарастыру керек

3
Ұлттық құрама  7 қазан, 12:24

«Электриктер мен жиһаз сатушылар»: фарерлік экс-футболшы Қазақстанның кіммен тең ойнағанын айтып берді

4
Ұлттық құрама  7 қазан, 11:49

Белгілі футбол функционері: Қазақстан құрамасын қайта құру қажет

5
Ұлттық құрама  7 қазан, 09:34

ҚФФ президенті Марат Омаров Қазақстан құрамасының сәтсіздіктері аясында инстаграм-аккаунтын өшіріп тастады

6
Барлық жаңалықтар

Турнирлік кесте

Қазақстан Премьер-Лигасы
#
Команда
О
Ж
Т
Ұ
+/-
Ұпай
1
ОрдабасыОрдабасы
26
19
4
3
33
61
2
ҚайратҚайрат
26
17
6
3
31
57
3
АстанаАстана
25
14
6
5
17
48
4
ОқжетпесОқжетпес
26
13
6
7
6
45
5
АқтөбеАқтөбе
26
12
6
8
7
42
6
ЕлімайЕлімай
25
10
8
7
2
38
7
ТобылТобыл
26
10
4
12
-2
34
8
ҰлытауҰлытау
26
8
8
10
-8
32
9
ЖеңісЖеңіс
26
8
8
10
-6
32
10
КаспийКаспий
26
8
5
13
-9
29
11
ЕртісЕртіс
25
6
8
11
-8
26
12
АлтайАлтай
26
6
7
13
-10
25
13
ҚайсарҚайсар
26
4
12
10
-11
24
14
ҚызылжарҚызылжар
26
6
6
14
-14
24
15
АтырауАтырау
25
4
11
10
-10
23
16
ЖетісуЖетісу
26
5
7
14
-18
22