Матч орталығы
Қазақстан U-19 Косовоны тізе бүктіріп, Еуро-2027 іріктеуінің үшінші раундына шықты
17 қараша, 22:00

Фото: Футболдан Қазақстан жасөспірімдер құрамасы
Қазақстанның жасөспірімдер құрамасы (U-19) 2027 жылғы Еуропа чемпионаты іріктеуінің екінші раундындағы өнерін сәтті түйіндеп, Косово құрамасымен өткен матчында жеңіске жетті, деп хабарлайды ASnews.kz.
А Лигасы 2-тобының қорытынды кездесуі қазақстандықтардың пайдасына 1:0 есебімен аяқталды. Матчтың 57-минутында бельгиялық «Генк» жастар командасының жартылай қорғаушысы Шахмурат Дәулетов қарсылас қақпасын дәл көздеп, командасына жеңіс әкелген жалғыз голдың авторы атанды.
Еске сала кетейік, турнирдің басында Тимур Қасымовтың шәкірттері ауыр ойындар өткізіп, Шотландияға (1:3) және Бельгияға (0:2) есе жіберген болатын.
Үш турдың қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы еншісіне үш ұпай жазып, квартетте үшінші орынға тұрақтады. Бұл нәтиже командаға 2027 жылғы көктемде өтетін А Лигасы іріктеуінің үшінші раундына ресми түрде жолдама берді. Ал Косово құрамасы жарысты бірде-бір ұпайсыз аяқтады.
Ахмет Ержанов