Матч орталығы

Футбол
ӘлемЖолдастық кездесулер, құрамалар
АргентинаАргентина
7:0Аяқталды
Коста-РикаКоста-Рика
Футбол
ӘлемЖолдастық кездесулер, құрамалар
ЧилиЧили
0:0Аяқталды
КолумбияКолумбия
Футбол
ӘлемЖолдастық кездесулер, құрамалар
УругвайУругвай
5:0Аяқталды
ДоминиканаДоминикана
Футбол
ӘлемЖолдастық кездесулер, құрамалар
ЭквадорЭквадор
2:0Аяқталды
БоливияБоливия
Футбол
ӘлемКОНКАКАФ Ұлттар лигасы
АҚШАҚШ
2:0Аяқталды
ГаитиГаити
Хоккей
АҚШНХЛ
ФлоридаФлорида
2:5Аяқталды
ЭдмонтонЭдмонтон
Хоккей
АҚШНХЛ
ТампаТампа
5:2Аяқталды
ВашингтонВашингтон
Хоккей
АҚШНХЛ
ВегасВегас
3:4Қос. уақытта
ДалласДаллас
Хоккей
РесейКХЛ
Салават ЮлаевСалават Юлаев
19:00Бүгін
БарысБарыс
Хоккей
РесейКХЛ
ЦСКАЦСКА
21:30Бүгін
ЛокомотивЛокомотив
Футбол
ИспанияИспания кубогы
УтебоУтебо
23:00Бүгін
СабадельСабадель
Футбол
ИспанияИспания кубогы
ПортугалетеПортугалете
23:00Бүгін
Реал УнионРеал Унион
Футбол
ИспанияИспания кубогы
АлькояноАлькояно
00:00Ертең
МальоркаМальорка
Футбол
ИспанияИспания кубогы
БадахосБадахос
00:00Ертең
ТенерифеТенерифе
Футбол
ИспанияИспания кубогы
Депортива МинераДепортива Минера
00:30Ертең
КартахенаКартахена
Футбол
ИспанияИспания кубогы
Реус РеддисРеус Реддис
00:30Ертең
БаракальдоБаракальдо
Хоккей
РесейКХЛ
Ак БарсАк Барс
21:30Ертең
СпартакСпартак
Футбол
Сауд АрабиясыПро-лига
Аль-АхлиАль-Ахли
00:0007.03.2027
Аль-НасрАль-Наср

«Ойға қонбайтын нәрсе»: Лотоцький – «Оқжетпестің» еурокубокқа шығуы, Алюетов және басқа командаға ауысуы жайлы

18 қараша, 10:52

«Ойға қонбайтын нәрсе»: Лотоцький – «Оқжетпестің» еурокубокқа шығуы, Алюетов және басқа командаға ауысуы жайлы

Фото: Борис Лотоцький

Қазақстан премьер-лигасының аяқталған маусымы сан алуан қызықты оқиғаларға толы болды, алайда басты оң жаңалық – Көкшетаудың «Оқжетпесі» атанды. Ринат Алюетовтың шәкірттері чемпионатта төртінші орынға ие болып, еврокубок аймағына жолдама алу арқылы тарихи жетістікке қол жеткізді.

Көкшетаулықтардың басты көшбасшыларының бірі алаңда барлық минуттарды дерлік өткізген (28 матч, 2 500 минут) және бес гол соққан 23 жастағы украиндық қорғаушы Борис Лотоцький болды.

ASnews.kz сайтына берген ауқымды сұхбатында Борис Лотоцький:

  • «Окжетпестің» сенсациялық өнерін қорытындылады;

  • күнтізбе қиындықтары мен командалық ауызбіршіліктің сырымен бөлісті;

  • «Астананың» қақпасына соққан жеңіс голы мен маусымның ең жарқын матчын еске алды;

  • келісімшарты мен болашақ жоспарлары туралы сұраққа жауап берді.

Маусымның басталуы және қойылған мақсаттар туралы

– Маусымның басына арналған іс-шарада облыс әкімі Марат Мұратұлы Ахметжанов сәттілік тілеп, команданың еврокубокка шығуын қалайтынын айтты. Сол кезде бұл шындыққа жанасатын нәрсе болып көрінді ме?

– Шынын айтсам, бұл сөздерді тым шынайы қабылдай қоймадым. Басты міндет – жақсы ойын көрсету және «Окжетпестің» өткен маусымдағы көрсеткішінен төмен түспеу еді. Ал еврокубок жайлы айтсақ… маусымның басында мұндайды ойлаудың өзі мүмкін емес еді. Бірақ, уақыт өте келе, бір-бірімізді жақсы түсініп, алаңда үйлесім таба түскеніміз еврокубок аймағына өтуде шешуші рөл атқарды.

– «Оқжетпес» бұл мақсатқа ненің арқасында қол жеткізді? Әсіресе, бұл толығымен жаңа команда екенін ескеруіміз керек: өткен жылғы негізгі құрам ауысып, сапта жаңа ойыншылар көп болды.

– Бүкіл команда бірігіп, бір отбасыдай болдық. Барлығымыз әр ойынға дайындалып, бүкіл осы кезеңге барынша зейін қоюды мақсат еттік. Бұл біздің жетістігіміздің негізгі әрі түйінді сәті болды. Ұйымшыл ұжым: осы командадағы әрбір адам ортақ іске жұмылып, басқаларға дамып, ойнауға және оң нәтижеге қол жеткізуге көмектесті.

– «Оқжетпеске» ауысар алдында жеке өзіңіз не күттіңіз? Қазақстан және жергілікті футбол туралы не білдіңіз?

– Бұл менің мансабымдағы бір саты жоғары қадам болғаны сөзсіз, өйткені бәрін түбегейлі өзгертіп жатқанымды түсіндім. Осы клубта, дұрыс уақытта және дұрыс жерде болғаныма өте қуаныштымын. Қазақстан және жергілікті футбол туралы ештеңе білмейтінмін дерлік. Иә, «Ақтөбе», «Астана» және Чемпиондар лигасында өнер көрсеткен «Қайрат» сияқты грандтар туралы естігенмін. Сондықтан бұл ауысу маған өте қызықты болды.

– ҚПЛ-дан кеткен легионерлердің көбі инфрақұрылымға жиі шағымданады. Бұл мәселе сізді алғашқы кезде таңғалдырды ма?

– Мен үшін бұл таңғаларлық нәрсе болған жоқ, өйткені Украинаның екінші лигасында біраз уақыт ойнадым, ондағы инфрақұрылым мен алаңдар Қазақстандағыдан да нашар еді. Мен тез бейімделіп, бұл режимге де, жасанды төсеніштерге де үйреніп кеттім.

Жеке статистика, физикалық жүктемелер және маусым қиындықтары туралы

– Винницалық «Нивада» 21 матчта бес гол соқсаңыз, мұнда 28 ойында бес гол салдыңыз. Өзіңізді гол соғатын қорғаушымын деп санайсыз ба, әлде бұл екі маусымның кездейсоқтығы ма?

– Өзімді гол соғатын тұрақты қорғаушымын деп айтпас едім, сондай-ақ бұл жай ғана кездейсоқтық дегенмен де келіспес едім. Командаға пайда әкелгенім үшін шексіз қуаныштымын. Жеке статистика қуантпай қоймайды, сондықтан осы бағытта дамуды жалғастырып, көрсеткіштерді қайталағым келеді немесе одан да көп гол салғым келеді.

– Сіз үзіліссіз шамамен 2 500 минут ойнадыңыз. Көктем-күз күнтізбесі сіз үшін жаңаша – физикалық тұрғыдан қай кезде ең қиын болды?

– Физикалық тұрғыдан ең қиыны, шамасы, жаз айларында болды. Ауа райы ыстық, ал командалардың көбі жасанды төсеніште ойнайды. Мұндай температурада жүктемені көтеру оңай емес. Дегенмен, біз бұл кезеңнен де жақсы өттік.

Борис Лотоцький

– Жазда БАҚ беттерінде ҚПЛ-дың басқа клубтарынан бірнеше ұсыныс түскені туралы жазылды. Бұл қаншалықты шындыққа жанасты?

– Шын мәнінде, бұл жаңалықтарды өзім де оқығаныммен, Қазақстанның басқа клубтарынан түскен ешқандай ұсыныс туралы білмеймін. Сол кезде агентім екеуміз бұл туралы тіпті ойламауды шештік. Маусымды жалғастырып, «Оқжетпеспен» оң нәтижеге қол жеткізу маңызды еді.

Команда мінезі, дағдарыстар және «өз алаңының сиқыры»

– Маусым ортасында команда қатарынан үш матчыда жеңіліске ұшырады: екеуі «Қайраттан» және сырт алаңда «Тобылдан». Бұл сәтті қалай бұза алдыңыз?

– Ең басты фактор – бұл сәтсіз серияға дейін төртінші орыннан жеті ұпайлық қорымыздың болуы еді. Бұл ұпайларды жоғалтсақ та, көшбасшылар тобында қалуға мүмкіндік берді. Бұл маусым ортасындағы уақытша құлдырау болды деп ойлаймын. Бірақ ешкім берілген жоқ. Әрбір ойыншыда көш басында қалып, еврокубок үшін күресуге деген зор құлшыныс болды.

– «Ертіс» пен «Ұлытаудан» ұтылғаннан кейін шиеленіс шегіне жетті. Сол сәтте не сезіндіңіз?

– Шынында да, қысым болды, бірақ бүкіл маусым бойы осындай үлкен жұмыс атқарғаннан кейін қол қусырып отыру мүмкін емес еді. Біз бір-біріміздің көзімізге де, жанкүйерлер мен отбасымыздың алдына да ұялмай қарайтындай болуыбыз керек еді. Соңына дейін күресу керек екенін және бәрі тек өзімізге байланысты екенін түсіндік.

– Өз алаңыңызда 15 матчта бар болғаны бір рет қана жеңілдіңіздер. Көкшетауда сырт алаңда жоқ қандай ерекшелік бар?

– Көкшетауда маусым басынан бері бізді қолдап, алға жетелеген керемет жанкүйерлер бар. Менің ойымша, біздің жанкүйерлеріміз басты шешуші фактор болды. Оларға маусым бойы көрсеткен қолдауы мен жылы лебізі үшін алғыс айтқым келеді.

– Өзіңіз мақтан тұтатын және тезірек ұмытқыңыз келетін матчты атай аласыз ба?

– Өз алаңымыздағы «Астананы» 1:0 есебімен ұтқан ойынымды мақтан тұтамын, сол кезде менің голым шешуші болған еді. Бұл таңғажайып эмоциялар еді: жанкүйерлердің, команданың және жеке өзімнің қаншалықты қуанғанымызды көрдік. Сондай-ақ «Ордабасымен» өткен матчы да (2:1) ерекше атап өтер едім – әрбір ойыншы алаңда бар күшін салды. Ал ұмытудан гөрі... дәлірек айтсақ, қайтадан ойнағым келетін матч – «Қайраттан» 0:5 есебімен ұтылған сырт алаңдағы кездесу. Сол нәтижені өзгерткім келеді.

Бапкерлер штабы, сыйақылар және ұжымдағы атмосфера туралы

– Ринат Алюетовпен жұмыс істеуді қалай бағалар едіңіз? Ол болашақта ҚПЛ-дың топ-клубын немесе ұлттық құраманы басқара ала ма?

– Ринат Мұратұлы – өте білікті бапкер, мықты тұлға және командамызды отбасылық құндылықтарға негіздеп құрған тамаша адам. Ол әрбір ойыншыға жеке тәсіл таба білді. Болашақта ол Қазақстанның топ-клубын немесе тіпті ұлттық құраманы басқаратынына күмәнім жоқ.

– Командадағы атмосфера аңызға айналды, әсіресе голдар мен құрғақ матчтар үшін берілетін сыйақыны тең бөлісу туралы әңгіме ерекше. Бұл кімнің бастамасы еді?

– Шын мәнінде, бұл бірінші күннен бастап керемет болды. Жекелеген адамдарды, әсіресе маған басынан бері тірек болып, дұрыс бағыт сілтеген Тоқтар Жаңғылышбайды ерекше атап өткім келеді. Ол маусым бойы футболда да, тұрмыста да көмектесіп, бағыт-бағдар берді, үлкен құрметке лайық. Ал бастамаға келсек... біз ақшаны біреу өзіне алып қалады деген ойдың өзінде болған жоқпыз. Біздің команда отбасылық құндылықтарға сүйеніп құрылды және біз нағыз отбасы сияқты осы нанды бәріміз тең бөлістік.

Борис Лотоцький және Тоқтар Жаңғышылбай

– Төртінші орын алғаннан кейін еврокубок тағдырын білу үшін Қазақстан Кубогының финалын екі апта күтуге тура келді. Бұл кез қалай өтті? Уақытты тезірек жылдамдатқыңыз келген кездер болды ма?

– Иә (күледі)... Күн сайын еврокубокка іліктік пе, жоқ па соны білу үшін 7 қарашаны – финал күнін тезірек көргіміз келді. Алдағы уақытта жүйке жұқартпай және бөтен кубок финалын күтпей, тікелей жүлделі орынға ие болғымыз келеді...

– Келісімшартыңыз 31 желтоқсанда аяқталады. Қараша айының басында командада қалғыңыз келетінін айтқан едіңіз. Содан бері бір өзгеріс болды ма?

– Әзірге ештеңе өзгерген жоқ, бірақ менің қалауым сол күйінде қалып отыр.

Еске сала кетейік, 2026 жылғы Қазақстан премьер-лигасының аяқталған маусымының қорытындысы бойынша көкшетаулық «Оқжетпес» жарыс кестесінде төртінші орынға ие болды. Бұл нәтиже көкшетаулықтарға УЕФА Конференциялар лигасының іріктеу кезеңіне жолдама алуға мүмкіндік берді, онда олар 2027/28 маусымындағы өз жолын бірінші іріктеу раундынан бастайды.

Басты жаңалықтар

ҚПЛ  18 қараша, 10:52

«Ойға қонбайтын нәрсе»: Лотоцький – «Оқжетпестің» еурокубокқа шығуы, Алюетов және басқа командаға ауысуы жайлы

1
Халықаралық футбол  18 қараша, 08:47

Ұлттар лигасының ширек финалистері толық анықталды

2
Ұлттық құрама  17 қараша, 22:09

«Бұл соманы тіпті төрт айда да алған жоқ»: Скотт Манн – Джон ван ’т Схиптің жалақысы туралы

3
Басқа  17 қараша, 22:00

Қазақстан U-19 Косовоны тізе бүктіріп, Еуро-2027 іріктеуінің үшінші раундына шықты

4
ҚПЛ  17 қараша, 19:59

Скотт Манн ҚПЛ-дағы төрешілік деңгейін бағалады

5
Ұлттық құрама  17 қараша, 19:00

Қазақстанның жасөспірімдер құрамасы Еуро-2027 іріктеу тобында бірінші орын алды

6
Барлық жаңалықтар

Турнирлік кесте

Қазақстан Премьер-Лигасы
#
Команда
О
Ж
Т
Ұ
+/-
Ұпай
1
ОрдабасыОрдабасы
30
21
5
4
36
68
2
ҚайратҚайрат
30
19
8
3
37
65
3
АстанаАстана
30
15
9
6
17
54
4
ОқжетпесОқжетпес
30
16
6
8
11
54
5
АқтөбеАқтөбе
30
14
7
9
8
49
6
ЕлімайЕлімай
30
12
9
9
-1
45
7
ТобылТобыл
30
12
5
13
0
41
8
ЖеңісЖеңіс
30
9
9
12
-8
36
9
ҰлытауҰлытау
30
9
8
13
-11
35
10
ҚызылжарҚызылжар
30
9
6
15
-11
33
11
КаспийКаспий
30
9
6
15
-12
33
12
ЕртісЕртіс
30
8
8
14
-13
32
13
АтырауАтырау
30
6
12
12
-8
30
14
АлтайАлтай
30
6
10
14
-11
28
15
ЖетісуЖетісу
30
6
9
15
-18
27
16
ҚайсарҚайсар
30
4
13
13
-16
25