Матч орталығы
«Бенфика» сапындағы қазақстандық футболшы гол соқты
22.10.2025 14:49

Фото: Шыңғыс Әликеев
«Бенфика» U-17 сапында доп теуіп жүрген он бес жастағы қазақстандық шабуылшы Шыңғыс Әликеев Екінші дивизионның төртінші турында «Амора» қақпасынан саңылау тапты, деп хабарлайды ASnews.kz.
Астананың тумасы 65 минут ойнап, маусымдағы алғашқы голын соқты. Оның командасы 7:0 есебімен жеңіске жетті.
Өткен маусымда Әликеев «Бенфиканың» 16 жасқа дейінгі командасымен Португалия чемпионатында топ жарды. «Эшторилдің» бұрынғы ойыншысы 22 матчта сегіз гол соғып, үш нәтижелі пас берді және Қазақстан жастар құрамасына шақырту алды.
Турнирлік кесте
Қазақстан Премьер-Лигасы
#
Команда
Ұпай
1
68
2
65
3
54
4
54
5
49
6
45
7
41
8
36
9
35
10
33
11
33
12
32
13
30
14
28
15
27
16
25
Әлишер Аманжол