Матч орталығы
Мбаппе мен Зидан арасында түсініспеушіліктер бар
11 қараша, 17:42

Фото: Килиан Мбаппе және Зинедин Зидан
Мадридтік «Реалдың» шабуылшысы Килиан Мбаппе мен Франция ұлттық құрамасының бас бапкері Зинедин Зидан арасындағы қарым-қатынас суып кетті, деп хабарлайды ASnews.kz L’Equipe басылымына сілтеме жасап.
Дереккөздің мәліметінше, футболшы мен маман арасындағы байланыс бастапқыда-ақ мәз емес еді, ал Зиданның ұлттық құрамаға келуінен кейін жағдай тіпті ушыға түскен. Шабуылшыға бапкердің оны Түркияға қарсы матчта шабуылдың сол қанатына ауыстыру туралы шешімі ұнамаған. Өткен жиындар кезінде тараптар бір-бірімен дерлік сөйлеспеген.
Дегенмен, қараша айындағы халықаралық үзіліс кезінде Зидан пайда болған келіспеушіліктерді реттеп, байланыс орнатуға ниетті.
Еске сала кетейік, бұған дейін мадридтіктердің форварды Италияға қарсы ойын алдында Франция құрамасының жаттығуын өткізіп алған болатын. Ағымдағы маусымда Мбаппе «Реал» сапында барлық турнирлерде 16 кездесу өткізіп, 17 гол соқты. Ал қазан айындағы циклде ұлттық құрама үшін ол тек Түркияға қарсы бір матчқа қатысып, жеңіс голының авторы атанды.