Матч орталығы
Есік қаласында ҚФФ қолдауымен спорт мектебінің футбол алаңы жаңартылуда
11 қараша, 18:19

Алматы облысының Есік қаласында Еңбекшіқазақ ауданының №1 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің футбол алаңындағы жасанды төсенішті толық ауыстыру жұмыстары басталды, деп хабарлайды ASnews.kz ҚФФ-ға сілтеме жасап.
Жоба Қазақстан футбол федерациясының тікелей қатысуымен және Алматы облысы футбол қауымдастығының ұйымдастырушылық қолдауымен жүзеге асырылуда. ҚФФ, спорт мектебі және мердігер арасындағы үшжақты келісімге 2026 жылғы 30 шілдеде қол қойылған болатын. Мердігер ұйым газонды ауыстыру жұмыстарын ҚФФ алдындағы міндеттемелерін орындау есебінен өз қаражаты есебінен жүргізіп жатыр.
Осылайша, федерация өз бюджетінен бөлек қаржы бөле отырмай-ақ аймақтық инфрақұрылымды дамытуда. Жұмыстар аясында ескі төсенішті демонтаждау, негізін дайындау және жаңа жасанды газон төсеу көзделген. Жобаны 2026 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланған, содан кейін жаңартылған нысан балалар-жасөспірімдер мен бұқаралық футболды дамыту үшін БЖСМ теңгеріміне беріледі.
Ахмет Ержанов