Матч орталығы
АПЛ экс-ойыншысы «Ақтөбенің» спорт директоры атануы мүмкін
11 қараша, 14:35

Фото: Марьян Пахарь
Ағылшындық «Саутгемптонның» бұрынғы шабуылшысы Марьян Пахарь «Ақтөбе» клубының спорт директоры лауазымына келуі мүмкін, деп хабарлайды ASnews.kz.
Бұл қызметте латвиялық маман бұған дейін БАҚ-та орнынан кететіні жайлы хабарланған Марат Хайруллинді алмастыруы тиіс.
Бұған дейін Марьян Пахарь Латвия футбол федерациясының спорт директоры қызметін атқарған, сондай-ақ латвиялық «Сконто», өз елінің ұлттық құрамасы мен итальяндық «Сиена» ұжымдарын баптаған. Ойыншы ретінде шабуылшы «Сконто», «Саутгемптон» және кипрлік «Анортосис» сапында өнер көрсетті. ағылшын премьер-лигасында ол 129 кездесу өткізіп, 42 гол соқты және үш нәтижелі пас берді.
Пахарь Қазақстанда жұмыс істеп те үлгерген: ол ҚФФ-мен сарапшы әрі ФИФА-ның таланттарды дамыту бағдарламасының (FIFA Talent Development Scheme) Қазақстан бойынша жетекшісі ретінде әріптестік орнатқан. Осы жоба аясында маман Талғардағы ҚФФ Академиясына жетекшілік етеді, жас резервті дайындау әдістемесіне жауап береді және отандық футболға ФИФА-ның халықаралық стандарттарын енгізуге көмектеседі.
Әлім Динасылов