Футболдан Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

24 тамыз, 12:17

Футболдан Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

CP Football-дан (тірек-қимыл аппараты зақымданған жандар арасындағы футбол) Қазақстан ұлттық құрамасы Англияда өткен IFCPF World Championship 2026 турнирін тарихи қола медальмен аяқтады, деп хабарлайды ASnews.kz.

Ұлттық құраманың турнирдегі жолы оңай болған жоқ. Топтық кезеңді АҚШ (0:8) және Италия (0:6) құрамаларынан ұтылумен бастаған отандық футболшылар шешуші кездесуде мінез көрсетіп, алаң иелері – «Лафборо» клубын 9:3 есебімен ойсырата жеңді.

Жартылай финалда қайтадан АҚШ командасына (0:7) жол берген қазақстандықтар 3-орын үшін өткен шешуші матчта «Лафборомен» қайта кездесіп, 7:2 есебімен сенімді жеңіске жетті.

«Қазақстан құрамасының әлем чемпионатына қатысуының өзі көп нәрсені аңғартады. Салыстырмалы түрде қысқа уақыт ішінде біз үлкен жолдан өтіп, халықаралық деңгейге шықтық. Біздің қатысуымыз тірек-қимыл аппараты зақымданған адамдарға футболдың олар үшін де ашық екенін көрсетеді. Турнир басталмай тұрып, классификацияға байланысты негізгі ойыншыларымыздан айырылсақ та, жігіттер берілген жоқ, алаңда 200 пайызын көрсетті», – деді құраманың бас бапкері Шыңғыс Темірханов.

IFCPF World Championship – тірек-қимыл аппараты зақымданған және сал ауруына шалдыққан спортшылар арасындағы ең беделді халықаралық футбол турнирлерінің бірі.

Қазақстан құрамасы жүлделі үшінші орын үшін өткен ойындарда ағылшындық «Лафборо» клубының қақпасына екі матчта жалпы 16 доп соқты (9:3 және 7:2).

Басты жаңалықтар

Халықаралық футбол  7 қазан, 17:33

Бес ойыншысы жоқ, Сәтпаев әзірге белгісіз: «Бернлиде» жарақат алғандардың жағдайы белгілі болды

1
Халықаралық футбол  7 қазан, 15:36

Қазақстандық шабуылшы Еуропаның танымал клубымен келісімшартқа отырды

2
Ұлттық құрама  7 қазан, 13:48

Мәулен – ұлттық құрама бапкері жайлы: жаңа бапкерді Югославия жақтан қарастыру керек

3
Ұлттық құрама  7 қазан, 12:24

«Электриктер мен жиһаз сатушылар»: фарерлік экс-футболшы Қазақстанның кіммен тең ойнағанын айтып берді

4
Ұлттық құрама  7 қазан, 11:49

Белгілі футбол функционері: Қазақстан құрамасын қайта құру қажет

5
Ұлттық құрама  7 қазан, 09:34

ҚФФ президенті Марат Омаров Қазақстан құрамасының сәтсіздіктері аясында инстаграм-аккаунтын өшіріп тастады

6
Барлық жаңалықтар

Турнирлік кесте

Қазақстан Премьер-Лигасы
#
Команда
О
Ж
Т
Ұ
+/-
Ұпай
1
ОрдабасыОрдабасы
26
19
4
3
33
61
2
ҚайратҚайрат
26
17
6
3
31
57
3
АстанаАстана
25
14
6
5
17
48
4
ОқжетпесОқжетпес
26
13
6
7
6
45
5
АқтөбеАқтөбе
26
12
6
8
7
42
6
ЕлімайЕлімай
25
10
8
7
2
38
7
ТобылТобыл
26
10
4
12
-2
34
8
ҰлытауҰлытау
26
8
8
10
-8
32
9
ЖеңісЖеңіс
26
8
8
10
-6
32
10
КаспийКаспий
26
8
5
13
-9
29
11
ЕртісЕртіс
25
6
8
11
-8
26
12
АлтайАлтай
26
6
7
13
-10
25
13
ҚайсарҚайсар
26
4
12
10
-11
24
14
ҚызылжарҚызылжар
26
6
6
14
-14
24
15
АтырауАтырау
25
4
11
10
-10
23
16
ЖетісуЖетісу
26
5
7
14
-18
22