Матч орталығы
«Алтайдың» қаһарман қақпашысы: «Ақтөбені» сенімділіктің арқасында жеңдік
15 мамыр, 08:23

Фото: Әбілқайыр Әлиақбар
«Алтай» қақпашысы Әбілқайыр Әлиақбар ASnews.kz тілшісіне берген сұхбатында Қазақстан Кубогының 1/4 финалындағы «Ақтөбемен» өткен матч (1:1, пен. бойынша 4:3) туралы пікір білдірді.
«Бұл эмоцияға толы ойын болды, сезімімді сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Пенальти сериясына келетін болсақ, өзіме нық сенімді болдым. Матч кезінде мен командаға сендім, ал пенальтиде команда маған сенді. Осы сенімділіктің арқасында жеңіске жетіп, бапкерлердің үмітін ақтадық деп ойлаймын. Сондай-ақ, ақтөбелік жанкүйерлерге осындай эмоция сыйлағандары үшін алғыс айтамын», – деді Әлиақбар.
Негізгі уақытта Айдин Зельковичтің голына «Алтайдың» 23 жастағы қорғаушысы Тимур Реджепов дәл соққымен жауап берді. Ал 20 жасар қақпашы Әбілқайыр Әлиақбар пенальти сериясында екі соққыны қайтарып, командасын алға сүйреді.
Осылайша, жарыстың жартылай финалында «Алтай» «Ордабасымен» кездеседі. Жеңімпаз екі ойынның қорытындысы бойынша анықталады.
Басты жаңалықтар
Халықаралық футбол 27 қазан, 10:43
«Мәселе деңгейде емес, қысымда»: Йонсен Чесноковтың Шотландияда неліктен тұрақтай алмағанын түсіндірді
2Турнирлік кесте
Қазақстан Премьер-Лигасы
#
Команда
Ұпай
1
68
2
64
3
53
4
51
5
46
6
45
7
41
8
35
9
33
10
33
11
30
12
29
13
27
14
27
15
26
16
25
Әлишер Аманжол