Қазақстандық футболшы «Бенфиканың» жастар командасында гол соқты
25 ақпан, 17:19

Фото: Шыңғыс Аликеев
«Бенфика» академиясының 15 жастағы вингері Шыңғыс Аликеев Португалияның жасөспірімдер чемпионатында «Аморамен» болған ойынға қатысты, деп хабарлайды ASnews.kz.
Қазақстандық футболшы ел чемпионатының алтыншы турында «Амора» U-16 командасына қарсы матчта 69 минут ойнады. Қапталдан орталыққа қарай ойысқан шабуылшы допты қақпашының үстінен асыра теуіп, ірі есептің (5:1) тіркелуіне сеп болды.
Бір апта бұрын Аликеев лигада көш бастап тұрған «Бенфика» U-17 командасының ойынына да шақырту алған еді. Астананың тумасы сол кездесудің 25-минутында «Маришташ» қақпасына гол соқты (4:0).
Осылайша, вингер барлық турнирлерді қоса алғанда 11 матч өткізіп, 6 гол соқты. Бірақ жарақатына байланысты бірнеше апта ойнамай қалған болатын.
Әлишер Аманжол