Матч орталығы
Қазақстандық ойыншы «Валенсияның» жасөспірімдер командасы сапында гол соқты
18 ақпан, 21:48

Фото: Ғабидолла Оразалы
«Валенсия» академиясының 14 жастағы шабуылшысы Ғабидолла Оразалы Испания жасөспірімдер чемпионаты аясында «Ла-Нусияға» қарсы матчқа қатысты, деп хабарлайды ASnews.kz.
Негізгі құрамда алаңға шыққан қазақстандық «жарқанаттарға» «Ла-Нусияны» 3:0 есебімен талқандауға көмектесті. Вингер гол соғып, оны маусымдағы 15-ші добына айналдырды. Осылайша команда турнир кестесіндегі көшбасшылығын нығайтты.
Еске салайық, бұған дейін 10-шы нөмір Испания аймақтары арасындағы турнирде «алтын» алған болатын. Финалда Валенсия қауымдастығының құрамасы Каталонияны жеңді (2:0).
Оразалы елде жүргенде «Астана» футбол орталығында өнер көрсеткен.
Әлишер Аманжол