Матч орталығы
Ирландиялық қақпашы: мен Қазақстанда туылдым – мені асырап алған
4 ақпан, 16:32

Фото: Стефан Хестер
Ирландиялық «Каслбар» клубының 22 жастағы қақпашысы Стефан Хестер ASnews.kz сайтына берген сұхбатында өзінің шыққан тегі туралы айтып берді.
«Мені алты айлығымда асырап алған. Шын есімім – Андрей Шакин. Рудный қаласынан екенімді білемін, бірақ биологиялық ата-анаммен таныс емеспін. Болашақта оларды кездестіргім келе ме, жоқ па – оған сенімді емеспін.
Ирландиялық әке-шешем маған жақсы тәрбие берді. Ержеткенімше олар маған жергілікті мәдениет пен тарихқа деген сүйіспеншілікті сіңірді. Қазіргі бар нәрсем үшін оларға және Жаратқанға ризамын», – деді футболшы.
Хестер 13 мың тұрғыны бар Каслбар қаласында тұрады. 2000 жылдардың ортасында осы аттас команда кәсіби деңгейде өнер көрсетіп, Ирландия Кубогына қатысқан болатын.
Бүгінгі таңда Қазақстанда туған қақпашы футболды әуесқой деңгейде ойнайды және қатар басқа жұмыс істейді.
Басты жаңалықтар
ҚПЛ 27 қазан, 15:49
Чемпиондар лигасынан жанкүйерлермен жанжалға дейін: Уразбахтин «Қайраттан» қалай кетті
1Турнирлік кесте
Қазақстан Премьер-Лигасы
#
Команда
Ұпай
1
68
2
64
3
53
4
51
5
46
6
45
7
41
8
35
9
33
10
33
11
30
12
29
13
27
14
27
15
26
16
25
Әлишер Аманжол