Матч орталығы
«Эльчедегі» қазақстандық футболшы жарақатына байланысты бірнеше апта ойнамайды
3 ақпан, 08:18

Фото: Алижан Юн
«Эльченің» 15 жастағы қазақстандық шабуылшысы Алижан Юн Испания чемпионатының 18-туры аясында «Альбораяға» қарсы матчқа қатысты, деп хабарлайды ASnews.kz.
«Astana Junior» түлегі «Альборая» жасөспірімдер командасына қарсы ойында валенсиялықтардың негізгі құрамында алаңға шықты. Алайда матчтың 10-минутында оң қанаттағы шабуылшы тобығын жарақаттап алып, кейін алмастырылды. «Эльче» бұл ойында 2:1 есебімен жеңіске жетті.
Юн кем дегенде үш апта ойыннан тыс қалады деп күтілуде.
Осы маусымда қазақстандық футболшы 14 матч өткізіп, төрт гол соқты. Бұған дейін ол «Патакона» мен «Леванте» сапында да өнер көрсеткен.
Әлишер Аманжол