Матч орталығы
Еуропадағы қазақ жартылай қорғаушысы: «Тренчинде» өзімді көрсете алатыныма сенемін
26 қаңтар, 10:07

Фото: Шахмұрза Адырбеков
Словакиялық «Тренчин» клубының жартылай қорғаушысы Шахмұрза Адырбеков ASnews.kz сайтына берген сұхбатында маусымға қатысты жоспарларымен бөлісті.
«Футболшыны «РБ Лейпцигке» сату – «Тренчин» үшін үлкен қадам. Біздің клуб болашағы зор жастарды сапалы түрде алға жылжытады. Скауттардың бұл істе тәжірибесі мол деп айтуға болады. Ал мен үшін бұл – талмай еңбек етіп, одан әрі дамуға үлкен стимул.
Құдайға шүкір, командада барлық жағдай жасалған. Қазіргі таңда бабыма келуді жалғастырудамын және маусымның қалған бөлігін жоғары деңгейде өткізетініме сенемін. Барымды көрсетемін», – деді Адырбеков.
Еске салайық, «Тобылдың» экс-жартылай қорғаушысы словакиялық клубқа былтыр қыркүйекте ауысқан болатын. Жаңа команда сапындағы жеті ойында 19 жастағы футболшы бір нәтижелі паспен көзге түсті.
Атап өтейік, ағымдағы трансферлік терезеде «Тренчин» вингер Сулеймана Саниді «РБ Лейпцигке» бес миллион еуроға сатты. Команданы кезінде ПСВ, «Тоттенхэм» және «Гамбург» құрылымында жұмыс істеген 61 жастағы маман Рикардо Мониз жаттықтырады.
Басты жаңалықтар
ҚПЛ 27 қазан, 15:49
Чемпиондар лигасынан жанкүйерлермен жанжалға дейін: Уразбахтин «Қайраттан» қалай кетті
1Турнирлік кесте
Қазақстан Премьер-Лигасы
#
Команда
Ұпай
1
68
2
64
3
53
4
51
5
46
6
45
7
41
8
35
9
33
10
33
11
30
12
29
13
27
14
27
15
26
16
25
Әлишер Аманжол