Матч орталығы
Мазбаев, Бабаян және Нұрдәулетов: Қазақстан құрамасының бапкерлері шорт-парағы белгілі болды
26 қараша, 17:59

Фото: Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы
Ұлттық құраманың бас бапкері лауазымына Қазақстан футбол федерациясының (ҚФФ) үміткерлер тізіміне енген отандық мамандар анықталды, деп хабарлайды ASnews.kz.
Федерацияның тізіміне төрт қазақстандық бапкер кірді: Владимир Чебурин, Нүркен Мазбаев, Григорий Бабаян және Қайрат Нұрдәулетов.
Бұған дейін ASnews.kz ҚФФ шорт-листіне екі шетелдік маман – португалиялық Паулу Бенту мен аустралиялық Кевин Мускаттың да енгенін хабарлаған болатын.
Еске сала кетейік, құраманың қазіргі тәлімгері нидерландтық Джон ван ’т Схип ұлттық командадағы жұмысын жалғастырмайды. Оның жетекшілігімен Қазақстан 2026/27 жылғы маусымдағы УЕФА Ұлттар лигасының С дивизионында алты матч өткізіп, бірде-бір жеңіске жетпеді (үш тең ойын және үш жеңіліс) және Словакия, Фарер аралдары мен Молдова құрамаларымен бір топта соңғы орын алды.
🔥 Ең соңғы жаңалықтар, инсайдтар мен трансферлер – біздің Telegram арнамызда.
Әлім Динасылов