Матч орталығы
«Барселона» вингері Адейеми: «Сабах» өзін мақтан тұта алады
26 қараша, 09:05

Фото: Карим Адейеми
Испаниялық «Барселонаның» вингері Карим Адейеми УЕФА Чемпиондар лигасы жалпы кезеңінің бесінші туры аясында әзербайжандық «Сабахты» сырт алаңда жеңгеніне (4:1) қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ASnews.kz.
«Команда ретінде өте жақсы ойнадық. Бірінші тайм айтарлықтай күрделі өтті, бірақ соңында төрт гол соғып, жеңіске жеттік – бұған өте қуаныштымын.
Қарсылас лайықты ойын өрнегін көрсетіп, жылдам қарымта шабуылдар ұйымдастырды. Мұндай командаға қарсы ойнау оңай емес, дәл сол сияқты оларға да «Барселонаға» қарсы күресу қиынға соғады. «Сабах» алаңда көрсеткен табандылығын мақтан тұта алады.
Стадионда керемет атмосфера орнады. Біз Бакуге алғаш рет келдік, бірақ жанкүйерлеріміз бізді барлық жерде қолдайды – олар әрқашан жанымызда. Бұл бізді қатты қуантады», – деді Адейеми.
Еске сала кетейік, Бакуде өткен кездесу «Барселонаның» 4:1 есебіндегі жеңісімен аяқталды. Бұл ойында алаң иелерінің қақпасын команда капитаны әрі Қазақстан құрамасының голкипері Стас Покатилов қорғап, тоғыз сейв жасады.
«Бұл – біздің максимумымыз»: «Сабах» бапкері – «Барселонадан» жеңілуі туралы
🔥 Ең соңғы жаңалықтар, инсайдтар мен трансферлер – біздің Telegram арнамызда.
Әлім Динасылов