Матч орталығы
«Ұлытау» шабуылшысы «Ордабасыға» ауысуы мүмкін
26 қараша, 13:25

Фото: Бақдәулет Зульфикаров
Жезқазғандық «Ұлытаудың» шабуылшысы Бақдәулет Зульфикаров мансабын шымкенттік «Ордабасыда» жалғастыруы мүмкін, деп хабарлайды ASnews.kz.
2026 жылғы маусымда 25 жастағы форвард барлық турнирде 29 матч өткізіп, 11 нәтижелі әрекетпен көзге түсті – сегіз гол соғып, үш нәтижелі пас берді. Ол «Ұлытау» намысын биылғы жылдың маусым айынан бері қорғап келеді, клубқа ақтаулық «Каспийден» ауысқан болатын.
Зульфикаров – шымкенттік футболдың түлегі. Бұған дейін ол «Тұран», «Қайсар», «Атырау» және беларусьтік «Энергетик-БГУ» клубтарында өнер көрсеткен.
Еске сала кетейік, өткен маусымның қорытындысы бойынша «Ордабасы» чемпиондық атақ пен Қазақстан Кубогын жеңіп алып, алтын дубль жасады.
🔥 Ең соңғы жаңалықтар, инсайдтар мен трансферлер – біздің Telegram арнамызда.
Әлім Динасылов