Матч орталығы
Бородюк, Черчесовтардың нәтижесін қайталады: Джон ван’т Схип – ұлттық құрама тарихындағы ең нашар бапкерлердің қатарында
17 қараша, 11:45

Фото: Джон ван 'т Схип
Қазақстан құрамасы кеше Словакиямен тең ойнап (2:2), Ұлттар лигасындағы жорығын ең соңғы орында аяқтады.
Бұл Қазақстанға тамыз айында келген Джон ван’т Схипптің ұлттық құрамадағы соңғы ойыны ретінде тіркелді.
62 жастағы маман Қазақстан құрамасында 6 матч өткізіп, үшеуінде тең түсті, үшеуінде жеңілді. Жеңіске жету көрсеткіші нөл пайызды құрап отыр. Қазақстан құрамасының тарихында дәл осылай бірде-бір жеңіске жете алмаған алты бапкер бар екен:
Владимир Фомичев (1 матч);
Леонид Пахомов (9 матч);
Сергей Тимофеев (13 матч);
Александр Бородюк (7 матч);
Станислав Черчесов (6 матч);
Джон ван 'т Схип (6 матч).
Ал жеңіске жету көрсеткіші бойынша ең жақсы көрсеткіш Бақтияр Байсейітов (57,1%), Ваит Талғаев (55,6%) және Магомед Адиевке (52,4%) тиесілі.
Ернар Ламқадыров