Матч орталығы
Қазақстан – Словакия матчының негізгі құрамдары белгілі болды
16 қараша, 18:55

Ұлттар лигасы топтық кезеңінің алтыншы туры аясында өтетін Қазақстан мен Словакия құрамалары арасындағы кездесуге бас бапкерлердің таңдаған құрамдары белгілі болды, деп хабарлайды ASnews.kz.
Ойынды алғашқы минуттан бастайтын футболшылар тізімі төмендегідей:
Қазақстан: Покатилов, Әшірбек, Малый, Жұмаханов, Әліп, Исламхан, Тапалов, Қараман, Вороговский, Чесноков, Кенжебек;
Словакия: Родак, Месик, Крчик, Шатка, Палишчак, Рига, Покорны, Небыла, Гараслин, Боженик, Прекоп.
Еске сала кетейік, матч бүгін Астанада өтеді, басталуы – Астана уақытымен 20:00-де.

Алтыншы тур алдында C3 тобындағы турнир кестесі мынадай: 11 ұпай жинаған Словакия көш бастап тұр, одан кейін Молдова (7 ұпай) мен Фарер аралдары (5 ұпай) орналасқан, ал еншісінде 2 ұпайы бар Қазақстан құрамасы төрттікті түйіндеп тұр.
Бірінші айналымдағы ойында қазақстандықтар словакиялық командаға 1:2 есебімен есе жіберген болатын. Сонымен қатар, өткен турда Қазақстан құрамасы сырт алаңда Молдовадан жеңілсе (1:2), словактар өз алаңында Фарер аралдарымен тең түсті (2:2).
Қазақстан—Словакия: Ұлттар лигасы матчының тікелей трансляциясын қайдан көруге болады
Ахмет Ержанов