Матч орталығы

Футбол
АнглияПремьер-лига
СандерлендСандерленд
1:0Аяқталды
ЧелсиЧелси
Теннис
ATPПариж мужчины
Бен ШелтонБен Шелтон
0:2Аяқталды
Карлос АлькарасКарлос Алькарас
Футбол
ГерманияБундеслига
КельнКельн
1:2Аяқталды
БайерБайер
Футбол
ИспанияЛа Лига
Реал СосьедадРеал Сосьедад
1:0Аяқталды
Райо ВальеканоРайо Вальекано
Футбол
ПортугалияПримейра-лига
Санта-КлараСанта-Клара
1:2Аяқталды
Жил ВисентеЖил Висенте
Футбол
НидерландЭредивизи
КамбюрКамбюр
2:5Аяқталды
ПСВПСВ
Футбол
ФранцияЛига 1
Ле МанЛе Ман
1:1Аяқталды
МонакоМонако
Футбол
ФранцияЛига 1
ГаврГавр
0:2Аяқталды
ЛорьянЛорьян
Футбол
ФранцияЛига 1
АнжеАнже
0:2Аяқталды
НиццаНицца
Футбол
ФранцияЛига 1
БрестБрест
2:0Аяқталды
ЛионЛион
Футбол
ИталияБ сериясы
КаррарезеКаррарезе
0:1Аяқталды
СампдорияСампдория
Футбол
АнглияПремьер-лига
Манчестер ЮнайтедМанчестер Юнайтед
4:4Аяқталды
Астон ВиллаАстон Вилла
Футбол
ГерманияБундеслига
ФрайбургФрайбург
2:0Аяқталды
УнионУнион
Футбол
ИталияА сериясы
ИнтерИнтер
2:0Аяқталды
КомоКомо
Футбол
ИспанияЛа Лига
ВильярреалВильярреал
2:0Аяқталды
ХетафеХетафе
Футбол
ИспанияЛа Лига
СельтаСельта
0:0Аяқталды
ЛевантеЛеванте
Футбол
ПортугалияПримейра-лига
ГимарайншГимарайнш
1:2Аяқталды
ПортуПорту
Футбол
ТүркияСуперлига
БешикташБешикташ
3:0Аяқталды
ГенчлербирлигиГенчлербирлиги
Футбол
БельгияЖоғарғы лига
Сент ТруйденСент Труйден
4:1Аяқталды
Зюлте ВарегемЗюлте Варегем
Футбол
ГерманияБундеслига
ХоффенхаймХоффенхайм
2:1Аяқталды
ШалькеШальке

Теңізшілерден де ұтылған: Байсуфиновтың Қазақстан құрамасына оралуы неге ештеңені өзгертпейді

9 қазан, 17:38

Теңізшілерден де ұтылған: Байсуфиновтың Қазақстан құрамасына оралуы неге ештеңені өзгертпейді

Фото: Джон ван 'т Схип және Талғат Байсуфинов

Ұлттар лигасының төрт турынан кейін Қазақстан құрамасы топта соңғы орында келеді, ал Джон ван ’т Схипті қарапайым жанкүйерлерден бастап комментаторлар мен сарапшыларға дейін бәрі сынға алуда. Осыған байланысты Талғат Байсуфиновты қайтару туралы ұсыныстар жиілей түсті.

ASnews.kz бұл шешім емес, керісінше, бұрынғы өткен жолға қайта оралу екенін сандар мен фактілер арқылы түсіндіреді.

Бұл төртінші келу болмақ

Байсуфинов ұлттық құраманы үш рет басқарды. Соңғы рет – 2025 жылдың қыркүйек айының соңында, Әлем чемпионаты-2026 іріктеуі барысында Әли Әлиевтің орнына келді. Алдымен уақытша атқарушы болса, кейін 2026 жылдың соңына дейінгі толыққанды келісімшартқа қол қойды.

Үшінші кезеңнің қорытындысы: сегіз матч, үш жеңіс, үш тең ойын, екі жеңіліс, доп айырмасы 11:7. Ойын сайын орташа 1,5 ұпай – бұл Магомед Адиевтен кейінгі құрама тарихындағы екінші көрсеткіш. ФИФА рейтингі 118-орыннан 111-орынға көтерілді. 2026 жылдың 22 маусымында ҚФФ бапкердің өз қалауы бойынша отставкаға кеткенін хабарлады. Себептері ашық айтылған жоқ.

Яғни мәселе оның жаман жұмыс істегенінде емес. Мәселе – біз оның мүмкіндік шегін көріп қойдық және оның қай деңгейде екенін жақсы білеміз.

Имидждік қателік

Бұл шешімнің ашық айтылмайтын екінші жағы бар.

Әлиевті Байсуфинов 2025 жылдың қыркүйегінде ауыстырды. Байсуфиновты – Ван ’т Схип 2026 жылдың тамызында. Он бір айда екі бапкерлік цикл, ал енді жаңа маман тағайындалғаннан кейін екі ай өткенде бұрынғыға қайта оралу ұсынылуда. Бұл кадрлық саясат емес, бір орнында айнала беру. Сырт көзге бұл анық көрінеді: федерацияда кандидаттар қоры да, бапкер таңдау селекциясы да, маманға тым болмаса бір толық цикл беруге дайындық та жоқ. Тек іс оңбай жатқанда қоңырау шалатын жалғыз таныс телефон нөмірі бар.

Бөлек мәселе – Байсуфиновтың өзін бағалауы. Ол өзі маусымда, Адиевтен кейінгі ең үздік ұпай көрсеткішімен және 118-ден 111-ге көтерілген рейтингпен кетті. Өз шартымен, абыроймен кетті. Төрт айдан кейін біреудің тесігін жамау үшін «жұртшылықтың өтініші бойынша» маманды оралуға көндіру оңай болмасы анық. Жақсы жұмыс істеп, кезеңді жапқан бапкерден ол басқа біреумен іс оңбай қалғанда қайта шақыратын кезекші тұлғаға айналады. Бір лауазымға төртінші рет келу – федерация үшін де, оның өзі үшін де имиджге соққы.

Шетелде де осы белгі оқылады. Есімі бар кез келген бапкер Қазақстанды қарастырғанда қарапайым көріністі көреді: нәтижеге екі ай беріледі, кейін бұрынғы бапкерді қайтару бойынша қоғамдық кампания басталады. Мұндай жағдайдан кейін келуге тілек білдірушілер көбеймейді, керісінше, азаяды.

Қарашаның үш күнi

2025 жылдың 15 қарашасы, «Астана Арена», ӘЧ-2026 іріктеуінің қорытынды матчы. 9-минутта Дастан Сәтпаев айып алаңына басып кіріп, жақын бұрышты көздейді – Бельгияға қарсы 1:0. 48-минутта Ханс Ванакен есепті теңестіреді. 79-минутта Ислам Чесноков тікелей қызыл қағаз алады. Қазақстан он ойыншымен әлемнің ең мықты құрамаларының біріне қарсы 1:1 есебін ұстап тұрады. Сегіз ұпай, J тобында төртінші орын – адал, төгілген тердің нәтижесі.

18 қараша, Хорватияның Пула қаласындағы «Альдо Дрозина» стадионы. Фарер аралдарына қарсы жолдастық кездесу. 26-минут, Петур Кнудсеннің голы – 0:1. Жылдың соңғы матчындағы жеңіліс.

Рамазан Кәрімов Фарер аралдарына қарсы ойында

Иә, құрам эксперименталды болды. Бірақ Фарер аралдары негізгі құрамын шығарды: капитан Одмар Фере, Гуннар Ватнхамар, Йоаннес Бьярталид, Мартин Агнарссон, Петур Кнудсен, Адриан Юстинуссен. Пуладағы Қазақстанның бастапқы он бір ойыншысының бес ойыншысы — Малый, Әліп, Жуков, Жагоров және Каримов — бүгін Ван ’т Схиптің тұсында да негізгі құрамда шығып жүр. Бұл басқа буын туралы әңгіме емес.

Кімнен ұтылдық?

Фарер аралдары – бұл 55 мың халық, Арқалықтан да аз. Құраманың негізін таңертең жұмыс істеп, кешке жаттығатын адамдар құрайды.

Пуладағы голды Vaðhorn тұздалған балық экспорты зауытында әкесімен және ағасымен бірге жұмыс істейтін Петур Кнудсен соқты. Капитан Одмар Фере IDEmøblar/ILVA салонында бизнеске арналған жиһаз сатады. Янн Беньяминсен банкте толық ставкада жұмыс істейді. Якуп Андреасен кеме экипажының мүшесі. Оң қанатта шыққан Арни Фредериксберг 2023 жылы Grandiosa қатырылған пиццасын сата жүріп, Чемпиондар лигасы іріктеуінің сұрмергендер тізімін бастаған — бүгінде ол Kjølbro Heilsøla көтерме азық-түлік компаниясының директоры.

Якуп Андреасен

Толық кәсіби келісімшарттағы Қазақстан құрамасы осы командадан ұтылды – және Ұлттар лигасында да екі рет жеңе алмады.

Ван ’т Схиптің келгеніне екі ай да болған жоқ

Нидерландық маман 2026 жылдың 7 тамызында бекітілді. Алғашқы матч – 26 қыркүйекте, жеті аптадан кейін. Он бір күн ішінде команда төрт ойын өткізді: Торсхавнда Фарерлермен 1:1, Словакиядан 1:2, үйде Молдовадан 1:2, «Астана Аренада» Фарерлермен 2:2 (0:2 есебімен ұтылып жатып теңестірді).

Ван ’т Схипте бір-ақ оқу-жаттығу жиыны, ҚПЛ-дың ішкі жағдайын түсінбеу және бөгде тіл болды. Ал Байсуфиновта қазақстандық футбол жүйесіндегі жылдар бойғы жұмыс, лига мен ойыншыларды толық білу – және жартылай кәсіпқойлардан жеңіліспен әрі өз еркімен отставкаға кетумен аяқталған нәтиже болды.

Джон ван 'т Схип

Мәселе тегінде емес

Қазақстан құрамасының мәселесі бапкердің «дұрыс еместігінде» емес. Мәселе – команданың терең қорғанысқа жатып алған қарсыластардың қорғанысын бұза алмауында. Бельгияға қарсы мұның керегі жоқ – онда реактивті модель жұмыс істейді, және Байсуфинов оны өте жақсы құрды. Фарерлер мен Молдоваға қарсы керісінше нәрсе керек – ал дәл осы жерде нәтиже неше циклдан бері өзгермей келеді.

Төрт ай бұрын өзі кеткен және осы қарсыласқа ұтылып үлгерген бапкердің оралуы жаңа идея бермейді. Ол тек таныс, бұрынғы идеяны береді.

Ұлттар лигасының төрт турының қорытындысы бойынша (С лигасы, 3-топ) Қазақстан құрамасы екі ұпаймен соңғы орында. Словакия 10 ұпаймен көш бастап тұр. Фарер аралдары мен Молдова төрт ұпайдан жинап, екінші және үшінші орындарды бөлісуде. Қараша айында қазақстандықтар топтық кезеңнің соңғы екі матчын өткізеді: 13 қарашада Кишиневте «Зимбру» стадионында Молдоваға қарсы ойын, 16 қарашада өз алаңында Словакиямен өтетін матч.

Басты жаңалықтар

Халықаралық футбол  8 қараша, 19:41

«Қайраттың» экс-ойыншысының командасы 14 ұпайлық басымдықты жоғалтып, чемпион бола алмады

1
ҚПЛ  8 қараша, 17:08

«Бір жұдырықтай жұмылдық»: «Ордабасы» капитаны 2026 жылғы маусымдағы жеңістердің себептерін атады

2
ҚПЛ  8 қараша, 15:15

«Шахтер» капитаны ҚПЛ-ға оралғаннан кейінгі жоспарымен бөлісті

3
ҚПЛ  8 қараша, 10:28

«Ақтөбе» легионері: «Ордабасымен» өткен ойынды ұмытқым келеді

4
Халықаралық футбол  7 қараша, 22:18

«Бернли» 4:1 есебімен алда тұрып, жеңіліс тапты: Сәтпаев ойынға қатыспады

5
ҚПЛ  7 қараша, 18:57

«ҚПЛ-дан ұшқанымыз ауыр соққы болды»: «Қайсар» бапкері – кубок финалы мен Мозес жайлы

6
Барлық жаңалықтар

Турнирлік кесте

Қазақстан Премьер-Лигасы
#
Команда
О
Ж
Т
Ұ
+/-
Ұпай
1
ОрдабасыОрдабасы
30
21
5
4
36
68
2
ҚайратҚайрат
30
19
8
3
37
65
3
АстанаАстана
30
15
9
6
17
54
4
ОқжетпесОқжетпес
30
16
6
8
11
54
5
АқтөбеАқтөбе
30
14
7
9
8
49
6
ЕлімайЕлімай
30
12
9
9
-1
45
7
ТобылТобыл
30
12
5
13
0
41
8
ЖеңісЖеңіс
30
9
9
12
-8
36
9
ҰлытауҰлытау
30
9
8
13
-11
35
10
ҚызылжарҚызылжар
30
9
6
15
-11
33
11
КаспийКаспий
30
9
6
15
-12
33
12
ЕртісЕртіс
30
8
8
14
-13
32
13
АтырауАтырау
30
6
12
12
-8
30
14
АлтайАлтай
30
6
10
14
-11
28
15
ЖетісуЖетісу
30
6
9
15
-18
27
16
ҚайсарҚайсар
30
4
13
13
-16
25