Матч орталығы
«Мұндай ойын ешқандай сын көтермейді»: ҚФФ құраманың сәтсіздіктерінен кейін тексеріс жүргізетінін мәлімдеді
8 қазан, 23:40

Фото: Скотт Манн
Қазақстан футбол федерациясының (ҚФФ) бас хатшысы Скотт Манн ұлттық құраманың ұзаққа созылған дағдарысы аясында жанкүйерлерге үндеу жасады. Функционер жанкүйерлерге қолдауы үшін алғыс айтып, болып жатқан жағдайға федерацияның жауапкершілігін мойындады және нақты шаралар қабылдауға уәде берді.
Өз мәлімдемесінде Манн құрамалар құрылымында алдағы уақытта өтетін тексерістерге басты назар аударды:
«Құраманың соңғы кезде көрсетіп жүрген нәтижелері мүлдем қабылданбайды. Біз сіздердің реніштеріңізді түсінеміз және мұндай ойынның ешқандай сын көтермейтінін мойындаймыз. Біз бәрін егжей-тегжейлі сараптаймыз: бапкерлер штабының жұмысын, футболшылардың ойынын, техникалық қамтамасыз ету деңгейін және ұлттық құрамалар департаментінің барлық қызметін», – деді бас хатшы.
Функционердің айтуынша, команда алдында қалған екі матчты жоғары деңгейде өткізу міндеті тұр. Ойын аяқтала салысымен ҚФФ мамандары тек бас команданы ғана емес, сонымен қатар жастар мен жасөспірімдер құрамаларын да қамтитын толық есеп дайындайды.
Осы аудиттің қорытындысы бойынша федерация алдағы апталарда дағдарыстан шығу және құраманы жеңісті жолға қайтару бағытындағы нақты қадамдар туралы көпшілікке жария етуге уәде беріп отыр.
Балық зауытының жұмысшысы мен фитнес-бапкер: Қазақстан кімнен ұтылуға жақын болды?
Ахмет Ержанов