«Үшінші гол соғуға уақыт жетпеді»: Жуков – Фарермен ойын және Ван ‘т Схиптің стилі туралы

7 қазан, 08:08

«Үшінші гол соғуға уақыт жетпеді»: Жуков – Фарермен ойын және Ван ‘т Схиптің стилі туралы

Фото: Георгий Жуков

Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Георгий Жуков Фарер аралдарымен өткен тең ойыннан (2:2) кейін ASnews.kz тілшісіне берген сұхбатында ойыннан алған әсері мен бапкерлік стиль жайлы пікір білдірді.

– Георгий, бүгінгі ойынды жалпы қалай бағалайсыз?

– Жақсы бастадық деп ойлаймын. Жеңіске деген мотивация жоғары болды. Жақсы көңіл-күймен шығып, алғашқы 20 минутта футбол ойнай алдық, қауіпті сәттер жасадық. Бірақ шабуылды аяқтауда сәл сәттілік жетіспеді. Өкінішке қарай, стандартты жағдайдан гол жіберіп алған соң, сәл абдырап қалдық. Асығыстық пайда болып, шептер арасында алшақтық туындады. Үзіліске дейін мұны реттедік. Ал екінші таймды жалпы жақсы өткіздік. Тағы гол жіберсек те, мінез көрсетіп, есепті теңестіре алдық. Ойын бойынша біз мықтырақ болдық. Егер матч сәл ұзағырақ жалғасқанда, үшінші голды да соғар едік. Жеңіске жеткіміз келген, бірақ, өкінішке қарай, олай болмады.

– Қазір командаға үлкен қысым бар. Жаңа бас бапкер голландиялық футболды сіңіруге тырысуда. Өзіңізге де бұл стиль жақсы таныс. Төрт қорғаушымен ойнауға көшу, жалпы осы процесс қалай жүріп жатыр?

– Дайындалуға уақыт өте аз. Біз жиналғаннан кейін небәрі бес-алты жаттығу өткізіп, бірден ойындар басталып кетті. Қазір бапкерлер штабы футболшыларды бақылап, зерттеп жатыр. Мұндай тығыз графикте толыққанды жаттығу жасау қиын, біз көп жұмыс істеп үлгермедік. Негізінен қалпына келу, тактика және келесі ойынға дайындықпен ғана шектелеміз. Жалпы, біз футбол ойнауға және жеңуге тырысып жатырмыз. Бүгінгі ойын мен Молдоваға қарсы екінші тайм жақсы өтті деп санаймын. Қауіпті сәттер жасап, қарсылас қақпасына қысым түсірдік. Өкінішке қарай, әзірге нәтиже болмай тұр.

– Қысқа уақыт ішіндегі ойындар, жиі ұшулар, құрамның жұқалығы мен жарақаттар қаншалықты әсер етті?

– Әрине, бұл қатты әсер етеді. Ұшулар да, ойындар да шаршатады. Жігіттер әр матчта жүз пайыз күшін сарқа жұмсайды. Психологиялық және физикалық тұрғыдан шаршаңқылық бар.

Еске сала кетейік, УЕФА Ұлттар лигасының төртінші турында Қазақстан құрамасы өз алаңында Фарер аралдарымен 2:2 есебімен тең түсті. Жартылай қорғаушы Георгий Жуков негізгі құрамда алаңға шығып, 73 минут өнер көрсетті.

«Футбол – біздің негізгі жұмыс емес»: Қазақстанмен тең ойнаған Фарер құрамасының ойыншысы ағынан жарылды

Басты жаңалықтар

Ұлттық құрама  7 қазан, 09:34

ҚФФ президенті Марат Омаров Қазақстан құрамасының сәтсіздіктері аясында инстаграм-аккаунтын өшіріп тастады

1
Ұлттық құрама  7 қазан, 08:08

«Үшінші гол соғуға уақыт жетпеді»: Жуков – Фарермен ойын және Ван ‘т Схиптің стилі туралы

2
Ұлттық құрама  7 қазан, 00:27

«Футбол – біздің негізгі жұмыс емес»: Қазақстанмен тең ойнаған Фарер құрамасының ойыншысы ағынан жарылды

3
Ұлттық құрама  6 қазан, 22:06

«Қазақстанды жеңуіміз керек еді»: Бьорталид – Ұлттар лигасындағы тең ойын жайлы

4
Ұлттық құрама  6 қазан, 21:51

«Ұтылмағанымызға шүкір»: Қазақстан құрамасының көшбасшысы – Фарермен тең ойын туралы

5
Ұлттық құрама  6 қазан, 21:49

Белгілі футбол функционері: Қазақстан құрамасын қайта құру қажет

6
Барлық жаңалықтар

Турнирлік кесте

Қазақстан Премьер-Лигасы
#
Команда
О
Ж
Т
Ұ
+/-
Ұпай
1
ОрдабасыОрдабасы
26
19
4
3
33
61
2
ҚайратҚайрат
26
17
6
3
31
57
3
АстанаАстана
25
14
6
5
17
48
4
ОқжетпесОқжетпес
26
13
6
7
6
45
5
АқтөбеАқтөбе
26
12
6
8
7
42
6
ЕлімайЕлімай
25
10
8
7
2
38
7
ТобылТобыл
26
10
4
12
-2
34
8
ҰлытауҰлытау
26
8
8
10
-8
32
9
ЖеңісЖеңіс
26
8
8
10
-6
32
10
КаспийКаспий
26
8
5
13
-9
29
11
ЕртісЕртіс
25
6
8
11
-8
26
12
АлтайАлтай
26
6
7
13
-10
25
13
ҚайсарҚайсар
26
4
12
10
-11
24
14
ҚызылжарҚызылжар
26
6
6
14
-14
24
15
АтырауАтырау
25
4
11
10
-10
23
16
ЖетісуЖетісу
26
5
7
14
-18
22