Матч орталығы
«Солтүстікте үйренгенім осы»: Фарер құрамасының ойыншысы қазақтардан кешірім сұрады
6 қазан, 12:37

Фото: Йоаннес Бьярталид
Петропавлдық «Қызылжар» мен Фарер аралдары ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Йоаннес Бьорталид кешегі баспасөз мәслихатындағы әрекеті үшін қазақстандықтардан кешірім сұрады, деп хабарлайды ASnews.kz.
Кеше өткен матч алдындағы баспасөз мәслихатын Бьорталид: «Здравствуйте! Бұл менің қазақша білетінімнің бәрі, ары қарай ағылшын тілінде жалғастырамын», – деп бастаған еді. Алайда футболшының орыс тіліндегі амандасуды қазақ тілімен шатастыруы немесе орысша бастауы кейбір жанкүйерлердің наразылығын тудырды. Осыдан кейін легионер әлеуметтік желіде жағдайға байланысты пікір білдірді.
«Баспасөз мәслихатын орыс тілінде бастағаныма ренжіген қазақтардан кешірім сұраймын. Бірақ Қазақстанның солтүстік өңірінде жүріп үйренгенім осы ғана еді», – деп жазды ол.
Еске сала кетейік, Йоаннес Бьорталид Қазақстан премьер-лигасында Солтүстік Қазақстан облысының намысын қорғайтын петропавлдық «Қызылжар» клубында өнер көрсетеді. Ал Қазақстан мен Фарер аралдары құрамалары арасындағы УЕФА Ұлттар лигасының матчы бүгін, 6 қазанда Астанада өтеді.
Тырысып бағуда, бірақ нәтиже жоқ: Ван ’т Схиптің Қазақстан құрамасынан кетуіне не қалуына 5 себеп
Әлім Динасылов