Молдовада Попескуді Қазақстан құрамасының бас бапкері етіп тағайындауды ұсынды

3 қазан, 14:53

Молдовада Попескуді Қазақстан құрамасының бас бапкері етіп тағайындауды ұсынды

Фото: Лилиан Попеску

Молдовалық футбол сарапшысы және Moldfootball.com басшысы Лаврентий Анищенко ASnews.kz сайтына берген сұхбатында Ұлттар лигасындағы Қазақстан құрамасын жеңу (2:1) кездейсоқтық емес екенін мәлімдеді.

Осындай қиын сәттегі жеңіс – Молдова үшін үлкен сый

«Мен жағдайға сәл басқаша қараймын. Барлық жергілікті бапкерлер жас ойыншылардың көптігі туралы және сол сияқты нәрселерді айтады. Алайда, Молдова құрамасында шынымен де тарихтағы теңдессіз әрі ауқымды буын алмасу жүріп жатыр.

Мысалы, Лилиан Попескудің тұсындағы алғашқы алты матчта бірден 14 футболшы дебют жасады, олардың көпшілігі – 18-22 жаста. Оның үстіне, командада бұрынғы бапкер шақырған бірнеше кешегі дебютанттар да болған.

Тәжірибелі әрі маңызды ойыншылардан санаулысы ғана қалды, оның өзінде: көбінде клубтарында жеткілікті ойын практикасы жоқ. Бұған біздің ең үздік футболшымыз Ион Николаескудің ауыр жарақат алуын және басқа да көшбасшыларға қатысты нюанстарды қосыңыз.

Сондықтан басында құраманың біраз қиналатыны түсінікті еді. Жігіттерге тек шеберлік қана емес, қарапайым тәжірибе мен ысылу жетіспеді және әлі де жетіспейді. Оларды отқа тастады, ал жанкүйерлерге нәтиже дәл қазір және осы жерде керек.

Бірақ ерте ме, кеш пе, өткізілген матчтардың, жіберілген қателіктер мен жинақталған тәжірибенің сыни массасы жиналып, осының бәрі нәтиже бере бастайтыны маған айдан анық болды. Бұл Қазақстанмен өткен матчта орын алды, дегенмен бұдан да ертерек болуы мүмкін еді».

Попеску Ван ’т Схипті алмастыруы керек пе?

«Қалай болғанда да, бұл жол ұзақ және біз оның ең басындамыз. Мүлт кетулер, ұпай жоғалтулар, өкінішті голдар әлі де болады. Бірақ туннельдің соңында жарық бар – тек уақыт керек. Бәлкім, сырт көзбен қарағанда жеңіссіз өткен осы 12 жекпе-жек шын мәніндегідей көрінбеген шығар. Бәлкім, осы нәрсе сіздермен қатыгез әзіл ойнаған болар.

Сөзімді былай аяқтайын: Андрей Мартин бастаған «Петрокуб» «Ордабасыны» жеңді (1:0), кейін ол осы клубты тізгіндеді, ал қазір ҚПЛ-де чемпиондыққа қарай келеді. Сондықтан Попескуді құрамаға шақырыңыздар (күледі)», – деді Анищенко.

Еске сала кетейік, Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасының топтық кезеңінің үшінші туры аясындағы матчта Молдоваға есе жіберді. Бұл жеңіс қонақтар үшін 2024 жылдың қарашасынан бергі алғашқы жеңіс болды. Осылайша Джон ван ’т Схип командасы бір ұпаймен C3 квартетінде соңғы орынға түсті.

52 жастағы Лилиан Попеску Молдова құрамасын өткен жылдың қыркүйегінде тізгіндеген. Бұған дейін ол «Шериф», «Петрокуб» және «Зимбру» командаларын жаттықтырған.

Бес сатыға төмен сырғыдық: Қазақстан құрамасының ФИФА рейтингіндегі орны белгілі болды

Басты жаңалықтар

Ұлттық құрама  18 қараша, 20:08

«Қазақстан Бельгиямен тең дәрежеде ойнай алады»: «Генк» ойыншысы Косово қақпасына соққан голы туралы

1
ҚПЛ  18 қараша, 19:37

«Қазақстан құрамасына натурализация қажет»: ҚПЛ экс-легионері – жалақы мен бешбармаққа деген махаббат жайлы

2
Ұлттық құрама  18 қараша, 18:39

«Молдовадан жеңілгеннен кейін жыладым»: Әліп Ван ‘т Схиптің жұмысы мен қалаулы бапкер туралы айтты

3
Басқа  18 қараша, 18:18

Дастан Сәтпаев Ұлыбританиядағы қазақстандық студенттер кешіне қатысты: фото

4
ҚПЛ  18 қараша, 18:11

«Әділ бәсекелестікті қолдаймын»: ҚПЛ ойыншысы – легионерлер лимиті туралы

5
ҚПЛ  18 қараша, 16:22

«Ордабасы» президенті – қазақстандық футболшылар жайлы: аузына келген жалақыны сұрауда

6
Барлық жаңалықтар

Турнирлік кесте

Қазақстан Премьер-Лигасы
#
Команда
О
Ж
Т
Ұ
+/-
Ұпай
1
ОрдабасыОрдабасы
30
21
5
4
36
68
2
ҚайратҚайрат
30
19
8
3
37
65
3
АстанаАстана
30
15
9
6
17
54
4
ОқжетпесОқжетпес
30
16
6
8
11
54
5
АқтөбеАқтөбе
30
14
7
9
8
49
6
ЕлімайЕлімай
30
12
9
9
-1
45
7
ТобылТобыл
30
12
5
13
0
41
8
ЖеңісЖеңіс
30
9
9
12
-8
36
9
ҰлытауҰлытау
30
9
8
13
-11
35
10
ҚызылжарҚызылжар
30
9
6
15
-11
33
11
КаспийКаспий
30
9
6
15
-12
33
12
ЕртісЕртіс
30
8
8
14
-13
32
13
АтырауАтырау
30
6
12
12
-8
30
14
АлтайАлтай
30
6
10
14
-11
28
15
ЖетісуЖетісу
30
6
9
15
-18
27
16
ҚайсарҚайсар
30
4
13
13
-16
25