Матч орталығы

Теннис
WTAАнталья женщины
Жибек КуламбаеваЖибек Куламбаева
0:12-сет
Елизара ЯневаЕлизара Янева
Футбол
ҚазақстанПремьер-Лига
ҚайратҚайрат
19:00Бүгін
ЖеңісЖеңіс
Теннис
WTAЮС Опен, женщины
Чжэн ЦиньвэньЧжэн Циньвэнь
20:30Бүгін
Елена РыбакинаЕлена Рыбакина
Футбол
ЕуропаЧемпиондар лигасы
БарселонаБарселона
21:45Бүгін
ФейеноордФейеноорд
Футбол
ЕуропаЧемпиондар лигасы
ШтутгартШтутгарт
21:45Бүгін
ВикингВикинг
Футбол
АнглияЧемпионшип
ДербиДерби
23:45Бүгін
Вест БромвичВест Бромвич
Футбол
АнглияЧемпионшип
НорвичНорвич
23:45Бүгін
БирмингемБирмингем
Футбол
ЕуропаЧемпиондар лигасы
СпортингСпортинг
00:00Ертең
ГалатасарайГалатасарай
Футбол
ЕуропаЧемпиондар лигасы
ЛиверпульЛиверпуль
00:00Ертең
АтлетикоАтлетико
Футбол
ЕуропаЧемпиондар лигасы
НаполиНаполи
00:00Ертең
АрсеналАрсенал
Футбол
ЕуропаЧемпиондар лигасы
ПСЖПСЖ
00:00Ертең
СлованСлован
Футбол
АнглияЛига кубогы
ЧелсиЧелси
00:00Ертең
ЛидсЛидс
Футбол
АнглияЧемпионшип
ЧарльтонЧарльтон
00:00Ертең
КПРКПР
Футбол
ПортугалияПримейра-лига
МорейренсеМорейренсе
00:45Ертең
БенфикаБенфика
Теннис
ЧелленджерЧелленджер Шанхай
Джи Сон НамДжи Сон Нам
12:00Ертең
Денис ЕвсеевДенис Евсеев
Футбол
ЕуропаЧемпиондар лигасы
ПСВПСВ
21:45Ертең
ШахтерШахтер
Футбол
ЕуропаЧемпиондар лигасы
ФенербахчеФенербахче
21:45Ертең
РомаРома
Футбол
ЕуропаЧемпиондар лигасы
БаварияБавария
00:0011.09
Буде ГлимтБуде Глимт
Футбол
ЕуропаЧемпиондар лигасы
Манчестер ЮнайтедМанчестер Юнайтед
00:0011.09
СабахСабах
Футбол
ЕуропаЧемпиондар лигасы
КомоКомо
00:0011.09
ЛейпцигЛейпциг

«Ван ’т Схип – реформатор»: Джонның экс-ассистенті Қазақстан құрамасының жаңа бапкері жайлы айтты

16 тамыз, 09:08

«Ван ’т Схип – реформатор»: Джонның экс-ассистенті Қазақстан құрамасының жаңа бапкері жайлы айтты

Фото: Майкл Валканис (сол жағында), Джон ван ’т Схип (ортада) және Скотт Манн (оң жағында)

Джон ван ’т Схип – қазақстандық жанкүйерлер үшін күрделі әрі бейтаныс есім. Бапкер ретінде жеңіп алған жүлделері де оның сөзін сөйлей алмайды, бірақ ұзақ жылдар бойы ван’т Схиптің ассистенті болған Майкл Валканис ең маңызды сұрақтарға жауап берді.

Аустралиялық «Брисбен Роар» клубының 51 жастағы бапкері ASnews.kz сайтына берген сұхбатында:

  • Ван ’т Схипке грек таланттарының бағын ашуға қалай көмектескенін айтты;

  • нидерландылық маманның реформаларын еске алды;

  • ҚФФ бас хатшысы Скотт Манн туралы пікірімен бөлісті.

Қысқаша: Ван ’т Схип қандай бапкер?

– Маған Ван ’т Схиппен әртүрлі командаларда және түрлі жағдайларда жұмыс істеу бақыты бұйырды: «Мельбурн Сити», «Зволле», «Аякс» және Грекия құрамасында бірге болдық. Сондықтан мен оны тек бапкер ретінде ғана емес, көшбасшы ретінде де көрдім. Уақыт өте келе тіпті өте жақын досыма айналды.

Меніңше, Джонның басты артықшылықтарының бірі – анықтық. Командасының қалай ойнауы керектігі туралы нақты түсінігі бар: бұл допқа иелік етуге негізделген шабуылдаушы футбол. Ол футболшылардың матч барысын өздері айқындап, мінез көрсеткенін қалайды.

Ван ’т Схип әсіресе адамдармен өте жақсы қарым-қатынас орнатады. Ол ойыншыларды таза футбол философиясымен де, жеке адами қасиеттерімен де біріктіре алады. Мен бұл адамды өте жоғары бағалаймын.

2004 жылғы Еуропа чемпиондарымен неге үлкен шыңдарды бағындыра алмады?

– Грекиядағы бірлескен жұмыс кезінде біз Джон екеуміз ұлттық құраманың бүгінгі жеткен деңгейіне маңызды іргетас қаладық. Біз жүзеге асыруға тырысқан басты өзгерістердің бірі – мәдениетті өзгерту болды.

Ол кезде футболшыларды ең алдымен тәжірибесіне немесе клубының мәртебесіне қарап таңдау керек деген берік ұстаным бар еді. Біз бұл тәсілге қарсы шықтық: ойыншылардың әлеуеті, бабы және ең бастысы – біз енгізгіміз келген ойын стиліне сәйкестігі ескерілуін талап еттік.

Бұдан бөлек, бапкерлік штаб Грекия тек төменгі блокта тұрып, қорғаныстан ойнап қана табысқа жете алады деген түсінікті өзгерткісі келді. Біз креативті дүниені дамыттық: доппен батыл болуды, жоғары прессингті және еркіндікті құптадық.

«Арсенал» мен «Бенфика» жұлдыздары оларға не үшін алғыс айтады?

– Джонның батыл шешімдер қабылдағаны есімде және олардың бәрі бірдей жалпы қолдауға ие болған жоқ. Біз құрамаға Павлидис, Хацидиакос, Цолис сияқты жігіттерді шақырдық, бірақ, ол кезде олардың халықаралық деңгейге қаншалықты дайын екені белгісіз еді.

Ойыншыға және команданың ұзақ мерзімді дамуына сенсең, кейде осындай қадамдарға дайын болуың керек. Уақыт көрсеткендей, ол шешімдердің көбі дұрыс болып шықты. Жас жігіттерге мүмкіндік берілді, олар ары қарай дамып, Грекия үшін маңызды тұлғаларға айналды.

Қазір бұл буынның есейгенін көру өте жағымды әсер сыйлайды. Оларда әрдайым талантты футболшылар болған, бірақ тәжірибе, сенім мен жауапкершіліктің арқасында бұл футболшылар тоқтап қалған жоқ. Олардың көбі бүгінде құрамада маңызды рөл атқаратынын мақтан тұтамын.

Факт: 24 жастағы Христос Цолис Грекия құрамасындағы дебютін Ван ’т Схип баптаған кезде жасаған болатын (Аустрияға қарсы 1:2). Осы жазда «Арсенал» «Брюггеден» бұл сұрмергенді 40 млн еуроға сатып алды.

Ван ’т Схип – реформатор ма?

– Сол кезең бір маңызды нәрсені дәлелдеуге көмектесті деп есептеймін: гректер белсенді, шабуылдаушы әрі заманауи футбол ойнауға қабілетті. Олардың тек ұйымдасқан қорғанысқа арқа сүйеуі міндетті емес, қазір бұл философияны жергілікті мамандардың көбі қабылдап жатыр.

Ойыншылардың өздері де біз сіңіруге тырысқан идеяларды жақсы қабылдады. Біз олардан басқаша ойлауды талап еттік, бұл процесс тез жүрмегенімен, біртіндеп бәрі іске асты.

Жанжалдан алшақ

– Тағы бір құнды нәрсе – осы күнге дейін сақталған құрмет. Футболшылардың Ван ’т Схип дәуірін қалай еске алатынын естігенде немесе арада жылдар өтіп, олармен кездескенде өз тәжірибелері туралы айтқанын тыңдағанда, сол кезеңнің олар үшін шынымен де маңызды болғанын түсінесің.

Табыстың көрсеткіші де осы. Ойыншыларға біз құрған атмосфера ұнады, олар біз тұрғызғымыз келген дүниеге сенді және өздерін үлкен істің бір бөлігі ретінде сезінді.

Факт: Кейіннен Валканис түркиялық «Адана Демирспор» клубын басқарып, онда «Ақтөбе» шабуылшысы Абат Айымбетовпен бірге жұмыс істеді.

«Аякс» мектебінен өткен маман Қазақстанда табысқа жете ме?

– Сөзсіз, оның қолынан келетініне сенемін. Әрине, халықаралық футбол клубтық футболдан қатты ерекшеленеді. Клубта күн сайын ойыншылармен жұмыс істейсің, ал құрамада – үзіліс кезінде бар болғаны бірнеше күн ғана. Бұл жаңа мәдениетті, менталитет пен стильді қалыптастыруды қиындатады, сондықтан сабырлық таныту маңызды.

Джонға бұл үрдіске сенетін адамдар қажет болады және мен бұған дейін айтқанымдай, ол адамдарды біріктіре біледі. Егер қазақстандықтар оның көзқарасын қабылдап, федерация қажетті жағдайлар мен қолдауды қамтамасыз етсе, ол оң ықпал ете алады деп сенемін.

Әрбір ұлттық құрамаға қолжетімді ресурстар әртүрлі болады, бірақ сапалы бапкерлік жұмыс – бұл тек барынша кең ойыншылар таңдауының болуы емес. Қолыңда бар футболшыларды түсіну, олардың күшті жақтарын анықтау және олар ең үздік футболын көрсете алатын ортаны құру маңызды.

Скотт Манн жайлы

– Скотт Маннмен ол бас директор болған «Мельбурн Ситиде» жолымыз түйісті. Ол – білікті басшы және футболға шынымен берілген адам. Содан бері Скотт үлкен тәжірибе жинақтады, соның ішінде «Тоттенхэмде» де қызмет етті. Бұл Қазақстан үшін өте пайдалы болады.

Манн дамудың тек алаңда болатын дүниелерден тұрмайтынын түсінеді. Дұрыс құрылымдарды, жүйелер мен үрдістерді құру, сондай-ақ департамент айналасына лайықты адамдарды жинау керек. Бапкерлер мен ойыншылар табысқа жете алатын ортаны қалыптастыру қажет.

Сарапшы ҚФФ-ның жаңа бас хатшысы туралы: «Тоттенхэм» Маннның идеяларын қабылдамады

Егер Джон бапкерлік шеберлігі мен философиясын алып келсе, Скотт – менеджмент пен ұйымдастырушылық дамудағы тәжірибесін қосады. Меніңше, осы екі тұлғаның арқасында ҚФФ өте салмақты білім багажы мен тәжірибесі бар мамандарды алды. Олардың жұмысын бақылау қызықты болады.

Бірақ футболда қарапайымдылық болмаса, ештеңе шықпайды. Әсіресе ойыншылармен үнемі қарым-қатынас жасауға мүмкіндігің жоқ құрамалар деңгейінде. Салмақты дүние жасау үшін уақыт қажет.

Кройфтан тәлім алып, «Аяксты» құтқарған: Нидерландылық сарапшы Қазақстан құрамасының жанкүйерлеріне үндеу жасады

Тағы да оқыңыз

Бүгін, 14:03

«Ливерпуль»—«Атлетико Мадрид»: Чемпиондар лигасы ойынына болжам мен бәс тігу

Бүгін, 12:31

Келісілген ойын ба? Блогер «Ордабасы»—«Астана» матчы жайлы күмән білдірді

Бүгін, 11:25

Olimpbet-те қазақтың ұлттық ойындарында бақ сына!

Бүгін, 09:44

«Бернли» Дастан Сәтпаевтың қатарға қосылу мерзімін атады

Бүгін, 08:13

«Қайрат»—«Жеңіс»: ҚПЛ ойынына болжам мен бәс тігу

Кеше, 20:03

Украиналық Ордецтың «Ақтөбедегі» ресейлік бапкер кезінде неге ойнамай жүргені белгілі болды

Басты жаңалықтар

ҚПЛ  9 қыркүйек, 12:31

Келісілген ойын ба? Блогер «Ордабасы»—«Астана» матчы жайлы күмән білдірді

1
Басқа  9 қыркүйек, 11:25

Olimpbet-те қазақтың ұлттық ойындарында бақ сына!

2
Халықаралық футбол  9 қыркүйек, 09:44

«Бернли» Дастан Сәтпаевтың қатарға қосылу мерзімін атады

3
ҚПЛ  8 қыркүйек, 20:03

Украиналық Ордецтың «Ақтөбедегі» ресейлік бапкер кезінде неге ойнамай жүргені белгілі болды

4
Халықаралық футбол  8 қыркүйек, 17:28

Сәтпаевқа тағы бір бәсекелес пе? «Бернли» АПЛ-дың атақты шабуылшысына көз тікті

5
ҚПЛ  8 қыркүйек, 16:52

«Астана» ойыншыларына қарыздар төленбеді, «Ордабасыға» қарсы матчқа баруы белгісіз

6
Барлық жаңалықтар

Турнирлік кесте

Қазақстан Премьер-Лигасы
#
Команда
О
Ж
Т
Ұ
+/-
Ұпай
1
ОрдабасыОрдабасы
24
17
4
3
29
55
2
ҚайратҚайрат
23
16
6
1
32
54
3
АстанаАстана
23
13
6
4
17
45
4
ОқжетпесОқжетпес
24
12
6
6
5
42
5
АқтөбеАқтөбе
24
11
5
8
6
38
6
ЕлімайЕлімай
23
8
8
7
-1
32
7
ТобылТобыл
24
9
4
11
-3
31
8
ҰлытауҰлытау
24
8
7
9
-5
31
9
ЖеңісЖеңіс
23
7
8
8
-3
29
10
КаспийКаспий
24
7
5
12
-9
26
11
АтырауАтырау
23
4
11
8
-6
23
12
ҚызылжарҚызылжар
24
6
5
13
-12
23
13
АлтайАлтай
24
5
7
12
-12
22
14
ЖетісуЖетісу
24
5
7
12
-16
22
15
ҚайсарҚайсар
24
3
11
10
-12
20
16
ЕртісЕртіс
23
4
8
11
-10
20