Матч орталығы

Футбол
ӘлемЖолдастық кездесулер, клубтар
БарселонаБарселона
0:05
Аль-АхлиАль-Ахли
Футбол
ЕуропаЧемпиондар лигасы
НЕКНЕК
00:00Ертең
Буде ГлимтБуде Глимт
Футбол
ЕуропаЧемпиондар лигасы
СелтикСелтик
00:00Ертең
ЛАСКЛАСК
Футбол
ЕуропаЧемпиондар лигасы
ХапоэльХапоэль
00:00Ертең
СабахСабах
Футбол
ЕуропаЧемпиондар лигасы
СлованСлован
00:00Ертең
ЦелеЦеле
Футбол
ИспанияЛа Лига
АтлетикоАтлетико
00:00Ертең
МалагаМалага
Футбол
ЕуропаЕуропа лигасы
ҚайратҚайрат
20:00Ертең
АндерлехтАндерлехт
Футбол
ЕуропаЕуропа лигасы
МьельбюМьельбю
21:00Ертең
ЗальцбургЗальцбург
Футбол
ЕуропаКонференциялар лигасы
ИнтерИнтер
21:00Ертең
КопенгагенКопенгаген
Футбол
ЕуропаЕуропа лигасы
ЭгнатияЭгнатия
22:00Ертең
ЛиллестремЛиллестрем
Футбол
ЕуропаЕуропа лигасы
ТрабзонспорТрабзонспор
22:00Ертең
ФеренцварошФеренцварош
Футбол
ЕуропаКонференциялар лигасы
КлаксвикКлаксвик
22:00Ертең
РигаРига
Футбол
ЕуропаКонференциялар лигасы
НордшелландНордшелланд
22:00Ертең
Санкт ГалленСанкт Галлен
Футбол
ЕуропаКонференциялар лигасы
ТромсеТромсе
22:00Ертең
БрайтонБрайтон
Футбол
ЕуропаКонференциялар лигасы
МидтьюлландМидтьюлланд
22:00Ертең
РиекаРиека
Футбол
ЕуропаЕуропа лигасы
БешикташБешикташ
22:00Ертең
КауноКауно
Футбол
ЕуропаЕуропа лигасы
КрайоваКрайова
22:00Ертең
АраратАрарат
Футбол
ЕуропаЕуропа лигасы
ЛехЛех
22:00Ертең
ТунТун
Футбол
ЕуропаКонференциялар лигасы
ПАОКПАОК
22:45Ертең
БраннБранн
Футбол
ЕуропаКонференциялар лигасы
ДритаДрита
23:00Ертең
Интер ЭскальдесИнтер Эскальдес

ӘЧ-дан Португалия мен Испанияны ұшырған бапкер Қазақстан құрамасын басқаруы мүмкін: Реграги деген кім?

17 шілде, 09:14

ӘЧ-дан Португалия мен Испанияны ұшырған бапкер Қазақстан құрамасын басқаруы мүмкін: Реграги деген кім?

Фото: Валид Реграги

Қазақстан футбол федерациясы ұлттық құраманың бас бапкері лауазымына үміткерлердің тізімін азайтып жатқанда (олардың арасында финн Маркку Канерва мен неміс Роджер Шмидт те бар), шорт-листе тағы бір есім пайда болды. Валид Реграги Марокко құрамасын Әлем чемпионатының жартылай финалына шығарып, жол-жөнекей Испания мен Португалияны тізе бүктірді, сондай-ақ ұлттық құрамалар арасында қатарынан жеңіске жету саны бойынша әлемдік рекорд орнатты. ASnews.kz оның кім екенін баяндайды.

Францияда туған, жүрегі – Мароккода

Валид Реграги 1975 жылы 23 қыркүйекте Париж маңындағы Корбей-Эссон қаласында дүниеге келген. Ата-анасы – марокколықтар. Қос азаматтық сипат оның бүкіл мансабының негізгі желісіне айналды: ол – француз паспорты бар, бірақ Марокконы таңдаған ойыншы және өз еліне «өз адамы» екенін дәлелдеуге мәжбүр болған бапкер.

Футболшы ретіндегі мансабының басым бөлігін Францияда өткізді. «Тулуза», «Аяччо», «Дижон», «Гренобль» клубтарында оң қаптал қорғаушысы болып ойнады. Франциядан тыс жердегі жалғыз елеулі кезеңі – Ла лигадағы испаниялық «Расинг Сантандер» болды. Ол жоғары деңгейдегі футболда қысқа ғана уақыт болды – клубтық мансабында 199 матч өткізіп, алты гол соқты, ешқандай трофей жеңіп алған жоқ.

Марокко ұлттық құрамасы сапында 2001-2009 жылдар аралығында 45 матч өткізді. Олардың ішіндегі ең ауыры – Тунисте өткен 2004 жылғы Африка ұлттары кубогының финалы болды, онда марокколықтар алаң иелеріне 1:2 есебімен есе жіберді. Реграги сол жарыстың барлық жеті матчында ойнағанымен, күміс медальді місе тұтты.

2009 жылы ол 33 жасында мансабын аяқтады. Ешқандай қоштасу матчтары мен салтанатсыз-ақ спорттан кетті.

Баспасөз «тақыр авокадо» деп атаған бапкер

Бапкерлік қызметке ауысуы бірден басталған жоқ: 2012 жылы Реграги Марокко құрамасы бас бапкерінің көмекшісі болды. Алғашқы дербес жұмысын клубтық деңгейде 2014 жылы бастап, жергілікті лиганың қарапайым клубы – рабаттық ФУС-ты тізгіндеді.

Онда ол алты жыл өткізіп, осы уақыт ішінде 2016 жылы Марокко чемпионатын (Ботола) және 2014 жылы Тақ кубогын жеңіп алды. Кішігірім клуб үшін бұл үлкен жетістік болса, бапкерлік беделін арттырып, алға жылжу үшін жақсы мүмкіндік еді.

2018 жылы оны катарлық «Әл-Духайль» шақырды. 2019/20 жылғы ел чемпиондығы – нәтиженің өзі айтып тұр. 2021 жылы ол Мароккоға оралып, Касабланканың «Видад» клубын қабылдады. Алғашқы маусымда-ақ ел чемпионатын және КАФ Чемпиондар лигасында мысырлық «Әл-Ахлиді» жеңіп, кубокты иеленді. Бұл титул оған ұлттық құраманың есігін ашты.

Алайда құрамаға барар жол оңай болмады. 2022 жылдың тамызында Марокко футбол федерациясы іріктеуден сәтті өткенімен, негізгі ойыншылармен жанжалдасып қалған тәжірибелі Вахид Халилходжичті қызметінен босатып, әлем чемпионатына үш ай қалғанда Реграгиді тағайындағанда, жергілікті баспасөз бұл шешімді күмәнмен қабылдады. Сыншылар оны «avocado head» («тақыр авокадо») деп атап, оның кәсіби деңгейіне күмән келтірді. Оның бапкер ретінде ірі турнирлерде бірде-бір матчы болмаған еді. Ал әлем чемпионатына 100 күннен де аз уақыт қалған болатын.

Катар 2022: африкалық футбол тарихын қайта жазған кезең

Реграги небәрі бір доданың арқасында тарихқа енді. ӘЧ-2022-де Марокко топтық кезеңде Хорватия, Бельгия және Канададан өтіп, 1/8 финалда Испанияны пенальти сериясында қапы қалдырды, ал ширек финалда Португалияны 1:0 есебімен жеңіп, тұңғыш рет жартылай финалға жолдама алды. Бұған дейін бірде-бір африкалық немесе араб командасы мұндай биікке көтерілмеген еді. Жартылай финалда оларды Франция тоқтатты, ал үшінші орын үшін өткен матчта Хорватияға есе жіберді.

Ол қолданған тактикалық модель әлемнің барлық жетекші басылымдарында талқыға түсті. ФИФА статистикасы бойынша, марокколықтар жарысқа қатысқан 32 команданың ішінде «ортаңғы блокта» ең көп уақыт өткізген ұжым болды. Испанияға қарсы ойында Марокко 343 пас берсе, қарсыласы 1041 пас жасаған. Топ-командаларға қарсы матчтарда допқа иелік етудің орташа көрсеткіші 29,8%-ды құрады. Сонымен қатар, өз қақпасына соғылған бір автоголдан басқа, қарсыластарға бірде-бір гол соқтырған жоқ.

«Бізде нақты жоспар бар – әркім өз жұмысын істеуі керек. Жүрегіңді беріп ойнағанда, өзіңе мүмкіндік сыйлайсың. Біз әлемге барлық жағдай жасалмаса да табысқа жетуге болатынын көрсеттік. Талантың аз, ресурстарың шектеулі болуы мүмкін, бірақ ниет, еңбек және сенім бар жерде бәрі орындалады. Бұл ғажайып емес, бұл – қажырлы еңбек», – деді ол.

Команда капитаны Ашраф Хакими ол кеткеннен кейін бапкерді «аңыз» деп атап, Реграгидің «тек ойыншыларды ғана емес, бүкіл елді және дүние жүзіндегі миллиондаған жанкүйерлерді шабыттандырғанын» жазды.

Рекорд, AFCON және жұлдызды шағында кету

Катардан кейін Реграгидің құрамадағы қызметі жалғасты. Оның қол астында команда 49 матчта 35-тен астам жеңіске жетіп, ФИФА рейтингінде сегізінші орынға көтерілді – бұл африкалық құрамалар тарихындағы ең жоғары көрсеткіш. 2025 жылдың қазанында Марокко ерлер құрамалары арасында әлемдік рекорд орнатып, қатарынан 19 матчта жеңіске жетті.

2023 жылы ол КАФ нұсқасы бойынша Африканың үздік бапкері деп танылды. Марокко ӘЧ-2026-ға жолдама алып, өз елінде өткен 2025 жылғы Африка ұлттары кубогының (AFCON) финалына шықты. Финалдық тартысты өткен матчта олар қосымша уақытта Сенегалға жол берді.

Дәл осы өз алаңындағы турнирде жеңіліске ұшырауы бетбұрысты сәт болды. 2026 жылдың 6 ақпанында Реграги өз еркімен қызметінен кетуге өтініш берді. Федерация оның бұл шешімін 26 ақпанда қабылдады. Ол өз шешімін былай деп түсіндірді:

«Командаға жаңа тұлға, басқа энергия, жаңа көзқарас керек. Үлкен футболда белгілі бір кезеңдер болады. Кейде серпін беру үшін өзгерістер қажет. Менің өз жұмысыма адал болып, барымды салғанымды ешкім де жоққа шығара алмайды».

Содан бері ол жұмыссыз жүр.

Қазақстан құрамасына келуі мүмкін деген сыбыстар не дейді?

Журналист Ермұхаммед Мәуленнің мәліметінше, Реграги Маркку Канерва және Роджер Шмидттің қатарындағы басты үш үміткердің бірі болып саналады. ҚФФ бас хатшысы Скотт Мунн жеті есімнен тұратын шорт-листті қысқартумен айналысып жатыр.

Реграгидің Шмидтке қарағанда, ұлттық құрамамен ең жоғары деңгейде жұмыс істеу тәжірибесі бар. Канервадан ерекшелігі, ол клубтық деңгейде де, халықаралық аренада да кубоктар ұтып алған. Оның ұйымдасқан қорғаныс, жылдам шабуылға шығу және допсыз ойнауды қысым құралы ретінде пайдалану тактикасы теориялық тұрғыдан ресурстары шектеулі командаларға өте қолайлы: ол Мароккомен дәл осылай жұмыс істеді.

Бірақ басты сұрақ басқада: африкалық футболдың тарихын өзгерткен маман Қазақстанға келуге келісе ме? Реграги өзінің тағайындалуына қатысты ойын әлі күнге дейін жария түрде білдірген жоқ.

«Бенфиканы» алтынға жеткізген инженер. Роджер Шмидт – Қазақстан құрамасының бас бапкерлігіне үміткер

Мұғалім болып, Еуроға дейін жетті: Маркку Канерва – Қазақстан құрамасының бас бапкері лауазымына басты үміткер

Тағы да оқыңыз

Бүгін, 20:33

Танымал сарапшы «Ертісті» жерден алып, жерге салды: мұндай тіпті әуесқойлар арасында да жоқ

Бүгін, 17:58

Желтоқсан оқиғасын, Тоқаевты, Қазақстан құрамасын және «Қайратты» таспаға тартқан фотограф Юрий Беккер өмірден өтті

Бүгін, 17:43

«Боруссия» Қазақстанға келіп таңғалды: QJL All Star 2026 қалай өтті?

Бүгін, 16:00

Супер-жастықтар, көзілдірік және жеке аспаз: «Андерлехт» «Қайратқа» қарсы ойнау үшін Алматыға қалай ұшып келді?

Бүгін, 13:22

Рафаэль Уразбахтин: «Андерлехтті» өтуге болады, бастысы – өзімізге сену

Бүгін, 10:26

«Жеңіс»—«Қайсар»: Қазақстан кубогының ойынына болжам мен бәс тігу

Басты жаңалықтар

ҚПЛ  19 тамыз, 20:33

Танымал сарапшы «Ертісті» жерден алып, жерге салды: мұндай тіпті әуесқойлар арасында да жоқ

1
Басқа  19 тамыз, 17:58

Желтоқсан оқиғасын, Тоқаевты, Қазақстан құрамасын және «Қайратты» таспаға тартқан фотограф Юрий Беккер өмірден өтті

2
Басқа  19 тамыз, 17:43

«Боруссия» Қазақстанға келіп таңғалды: QJL All Star 2026 қалай өтті?

3
Еурокубоктар  19 тамыз, 16:00

Супер-жастықтар, көзілдірік және жеке аспаз: «Андерлехт» «Қайратқа» қарсы ойнау үшін Алматыға қалай ұшып келді?

4
Еурокубоктар  19 тамыз, 13:22

Рафаэль Уразбахтин: «Андерлехтті» өтуге болады, бастысы – өзімізге сену

5
Еурокубоктар  18 тамыз, 21:48

Ресейлік сарапшы «Қайратқа» ескерту жасады: «Андерлехт» әдемі гол соға алады

6
Барлық жаңалықтар

Турнирлік кесте

Қазақстан Премьер-Лигасы
#
Команда
О
Ж
Т
Ұ
+/-
Ұпай
1
ОрдабасыОрдабасы
22
16
4
2
27
52
2
ҚайратҚайрат
21
14
6
1
27
48
3
АстанаАстана
21
11
6
4
12
39
4
ОқжетпесОқжетпес
22
10
6
6
3
36
5
АқтөбеАқтөбе
22
10
5
7
6
35
6
ЕлімайЕлімай
21
8
8
5
5
32
7
ҰлытауҰлытау
22
7
7
8
-6
28
8
ЖеңісЖеңіс
21
6
8
7
-3
26
9
ТобылТобыл
21
7
4
10
-5
25
10
КаспийКаспий
22
6
5
11
-7
23
11
ҚызылжарҚызылжар
22
6
5
11
-8
23
12
АтырауАтырау
21
3
11
7
-6
20
13
ҚайсарҚайсар
21
3
11
7
-8
20
14
АлтайАлтай
22
4
7
11
-13
19
15
ЖетісуЖетісу
22
4
7
11
-14
19
16
ЕртісЕртіс
21
3
8
10
-10
17