Матч орталығы
ҚПЛ клубтары «Ториноның» бұрынғы шабуылшысына таласуда
27 қазан, 18:11

Фото: Матар Дьейе
Беларустік «Минск» клубының орталық шабуылшысы Матар Дьейе мансабын Қазақстан чемпионатында жалғастыруы мүмкін, деп хабарлайды ASnews.kz.
28 жастағы сенегалдық шабуылшы ҚПЛ-дың бірнеше командасының назарын аударды. Беларусь жоғары лигасының 25-туры аясында «Ислочьке» қарсы өткен ойында (2:4) дубль авторы атанғаннан кейін, футболшының өкілдеріне тиісті ұсыныстар түскен. Оның болашағына қатысты шешім келесі айда қабылданады деп күтілуде.
Айта кетейік, Матар Дьейе «Минск» сапына биылғы жылдың мамыр айында қосылған болатын. Бұған дейін ол италиялық «Торино», мажарстандық «Дебрецен» және финляндиялық КуПС клубтарында өнер көрсеткен. Биылғы маусымда ойыншы барлық турнирлерде 17 матч өткізіп, алты гол соқты және үш нәтижелі пас берді.
«Тобылдың» жұлдызды легионері «Қайратқа» ауысуы мүмкін: толығырақ
Әлишер Аманжол