Матч орталығы
ҚФФ президенті кабинетінен айырылды
28 ақпан, 15:26

Фото: Марат Омаров
Кеше, 27 ақпанда, Қазақстан футбол федерациясының кеңсесінде бірқатар өзгерістер болды, деп хабарлайды ASnews.kz.
Атап айтқанда, жұмыс кабинеттерінде орын тапшылығына байланысты ҚФФ президенті Марат Омаровтың кабинетінің сыртында аты-жөні жазылған тақтайша алынып, оның орнына вице-президенттің атауы ілінген.
Бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдарында ҚФФ-да құрылымдық өзгерістерге байланысты вице-президент қызметі қайта енгізілетіні туралы ақпарат шыққан болатын.
Сондай-ақ әлеуметтік желілерде бұл қызметке үміткер кандидаттардың есімдері де тарай бастады.
Вице-президент келесі аптада федерация басшылығы мен ұжымға ресми түрде таныстырылады деп күтілуде.