Матч орталығы
«Атырау» Самат Смақовтың орнына үміткерлерді қарастыруда: толығырақ
29 қазан, 17:11

Фото: Самат Смақов
«Атырау» футбол клубының басшылығы бас бапкер Самат Смақовтың орнына ықтимал кандидаттарды іздестіруде, деп хабарлайды ASnews.kz.
«Мұнайшылардың» шорт-листіне отандық мамандар да, шетелдік бапкерлер де енген. Дегенмен клуб Смақовтың командадағы жұмысын жалғастыру сценарийін де толықтай жоққа шығармайды.
Қазақстандық маман «Атырауды» 2026 жылдың тамыз айында қабылдап алған болатын. Оның басшылығымен команда тоғыз матч өткізіп, орта есеппен әр ойында 0,89 ұпайдан жинады.
ҚПЛ-2026 чемпионатының аяқталуына бір тур қалғанда «Атырау» 27 ұпаймен жарыс кестесінде 13-орында тұр және бірінші лигаға түсіп қалу аймағына өте жақын. Сондай-ақ еншісінде 27 ұпайы бар «Алтай» 14-сатыға жайғасқан, ал төменде «Жетісу» (26 ұпай) мен «Қайсар» (25 ұпай) келеді.
Айта кетейік, бұған дейін Самат Смақов «Жетісу» мен «Елімай» клубтарын баптаған болатын.
Әлім Динасылов