Матч орталығы
Қазақстандық футболшы танымал музыкалық шоуға қатысады: ол Ла Лигада ойнауы мүмкін еді
29 қазан, 18:44

Фото: Рауль Аллахвердиев
«Райо Вальекано» қосалқы командасының бұрынғы шабуылшысы Рауль Аллахвердиев ресейлік «Фабрика звёзд» музыкалық реалити-шоуына қатысады, деп хабарлайды ASnews.kz.
«Жеңістің» экс-футболшысы моделлинг және музыкамен айналысу үшін спорттық мансабын уақытша тоқтатты. 20 жастағы қазақстандық Ресейге барып, рэпер Баста мен композитор Игорь Матвиенконың алдында «Фабрика звёзд» тележобасы кастингінің үшінші кезеңінен өтіп, түпкілікті шешімді күтіп отыр.
Еске сала кетейік, Рауль Аллахвердиев 2025 жылдың қыркүйегінде «Райо Вальекано C» клубымен келісімшартқа отырған болатын. Дегенмен шабуылшы испандықтардың қосалқы командасы сапында бірде-бір рет алаңға шыққан жоқ.
«Фабрика звёзд» – жас орындаушылар телекамералардың назарында жабық үйде өмір сүріп, кәсіби мамандардан дәріс алатын танымал реалити-шоу. Апта сайын қатысушылар есептік концерттерде өнер көрсетеді, онда дауыс беру қорытындысы бойынша олардың біреуі жобадан кетеді.
Жобаның танымал түлектерінің қатарында Полина Гагарина, Тимати, Елена Темникова, Юлия Савичева, Ирина Дубцова және басқа да өнер иелері бар.
Әлишер Аманжол