Матч орталығы
«Бизнеске көңіл бөлуді жөн көрдім»: Пазылқайыр «Қызылжарға» тағайындалуы туралы айтты
29 қазан, 15:22

Фото: Бақытжан Пазылқайыр
Қызылордалық «Қайсардың» бұрынғы директоры әрі ҚФФ экс-функционері Бақытжан Пазылқайыр ASnews.kz сайтына берген сұхбатында «Қызылжарды» басқару мүмкіндігінен бас тартқанын хабарлады.
«Қызылжардан» ұсыныс болғаны жасырын емес, бірақ мен жеке кәсіптегі жұмысыма көңіл бөлуді жөн көрдім», – деді функционер.
Бұған дейін «Қызылжардың» қазіргі басшысы Әлішер Апсалямовтың өз қызметінен кететіні хабарланған болатын. Бос орынға үміткерлердің шорт-листінде Дидар Сыдықбек пен Елдар Аманбаевтың да есімдері аталған еді.
Айта кетейік, Бақытжан Пазылқайыр таяуда «Қайсардан» ресми түрде кеткен болатын. Ал «Қызылжар» ҚПЛ-2026 маусымының аяқталуына бір тур қалғанда бірінші лигаға түсіп қалу қаупінен аман қалып, 30 ұпаймен турнир кестесінде 11-орында тұр.
Әлім Динасылов