Словакия құрамасының экс-ойыншысы Ұлттар лигасы туралы: біз – фаворитпіз, бірақ Қазақстан күшейді
20 ақпан, 11:21
Фото: Лукаш Тесак
Алматылық «Қайраттың» словакиялық экс-қорғаушысы Лукаш Тесак ASnews.kz сайтына берген сұхбатында Ұлттар лигасындағы өз құрамасы мен Қазақстанның алдағы кездесуіне қатысты пікірін білдірді.
«Әрине, Словакия – топтың фавориті. Біз әлі де әлем чемпионатына баруымыз мүмкін. Құраманың жолы болады және бәрі жақсы болады деп үміттенемін. Бірақ сіздердің командаларыңыздың айтарлықтай күшейіп, біртіндеп алға жылжып келе жатқанын айту керек. «Қайраттың» Чемпиондар лигасындағы өнері Қазақстан құрамасына да серпін беретінін атап өткен жөн. Бұл жарыста әлемдегі ең жоғары футбол деңгейі көрсетіледі, сондықтан «Қайрат» үлкен тәжірибе жинады, бұл клубқа, одан қалды ұлттық құрамаға көп көмегін тигізеді. Тек дұрыс шешімдер қабылдау керек, сонда бәрі жақсы болады», – деді Тесак.
Ақпан айында Брюссельде УЕФА Ұлттар лигасының жаңа маусымының жеребесі тартылды. С лигасында өнер көрсететін Қазақстан ұлттық құрамасы үшінші топқа түсті. Словакиядан бөлек, қазақстандықтардың қарсыластары арасында Фарер аралдары мен Молдова бар. Жарыстың топтық кезеңі 2026 жылдың қыркүйек айынан қараша айына дейін жалғасады.
Словакиялық қорғаушы «Қайрат» сапында 2016 жылы өнер көрсетті. «Сары-қаралар» жейдесінде ол 21 матч өткізіп, бір гол соғып, үш нәтижелі пас берді. Халықаралық деңгейде Тесак Словакия ұлттық құрамасының намысын қорғап, төрт ойынға қатысқан.
Бұған дейін «Ақтөбеде» ойнаған молдовалық футболшы Словакия құрамасының бапкері Марек Гамшиктің сөзіне пікір білдірді.
Тағы да оқыңыз
Басты жаңалықтар
ҚПЛ-дың экс-легионері – Гамшиктің сөзі жайлы: жағымсыз тосынсый алуы мүмкін
1Гамшиктің экс-әріптесі – Қазақстан жайлы: Еуропада әлсіз қарсылас жоқ
3Турнирлік кесте
Қайрат
Астана
Тобыл
Елімай
Ақтөбе
Жеңіс
Ордабасы
Оқжетпес
Қызылжар
Ұлытау
Қайсар
Жетісу
Атырау
Тұран
Арсенал
Манчестер Сити
Астон Вилла
Ливерпуль
Брентфорд
Ньюкасл Юнайтед
Манчестер Юнайтед
Челси
Фулхэм
Сандерленд
Брайтон
Эвертон
Кристал Пэлас
Тоттенхэм
Борнмут
Лидс
Ноттингем Форест
Вест Хэм
Бёрнли
Вулверхэмптон
Барселона
Реал Мадрид
Вильярреал
Атлетико Мадрид
Эспаньол
Бетис
Сельта
Атлетик Бильбао
Эльче
Райо Вальекано
Реал Сосьедад
Хетафе
Жирона
Севилья
Осасуна
Алавес
Мальорка
Валенсия
Леванте
Реал Овьедо
Бавария
Боруссия Дортмунд
Штутгарт
РБ Лейпциг
Байер 04
Хоффенхайм
Айнтрахт Франкфурт
Фрайбург
Унион Берлин
Боруссия М
Кёльн
Вердер
Гамбург
Вольфсбург
Аугсбург
Майнц
Санкт-Паули
Хейденхайм
Интер Милан
Милан
Ювентус
Наполи
Рома
Комо
Аталанта
Лацио
Болонья
Удинезе
Сассуоло
Торино
Кремонезе
Парма
Дженоа
Кальяри
Лечче
Фиорентина
Пиза
Верона
Ланс
ПСЖ
Марсель
Лилль
Лион
Ренн
Страсбур
Тулуза
Монако
Анже
Брест
Лорьян
Гавр
Ницца
Париж
Нант
Осер
Метц
Әлім Динасылов