Матч орталығы
Якубко – Гамшиктің астамшылығы жайлы: Словакияның Қазақстанмен жолы болды деп айта алмаймын
18 ақпан, 17:37

Фото: Мартин Якубко
Мәскеулік «Динамо» мен Словакия құрамасының бұрынғы шабуылшысы Мартин Якубко ASnews.kz сайтына берген сұхбатында қазақстандық футболшылардың шеберлігін жоғары бағалады.
«Гамшик топтағы мүмкіндіктер туралы менмендікпен айтты деп ойламаймын. Бұл аударма мәселесі болуы мүмкін. Словакияның қарсыластармен жолы болды деп айтуға болмайды: Ұлттар лигасының өткен маусымдарында біз Қазақстан мен Молдовадан өту оңай емес екеніне көз жеткіздік. Футбол тек бізде ғана дамып жатқан жоқ», – деді Якубко.
Еске салайық, бұған дейін «Наполи» мен Словакия құрамасының бұрынғы жартылай қорғаушысы Марек Гамшик Қазақстан, Молдова және Фарер аралдарымен бір топтағы мүмкіндіктері туралы оң пікір білдірген еді. Алайда 2022 жылы Словакия құрамасы Магомед Адиевтің командасына екі рет есе жіберген болатын (0:1, 1:2).
46 жастағы Якубконың еншісінде Словакия құрамасы сапында 41 ойында соққан тоғыз голы бар. Сондай-ақ шабуылшы ресейлік «Химки» және «Сатурн» клубтарында өнер көрсеткен.
Әлишер Аманжол