Матч орталығы
Словакияның экс-шабуылшысы – Қазақстан туралы: 2022 жылғы жеңілістер үшін реванш алу керек
15 ақпан, 10:37

Фото: Мартин Якубко
«Динамо Мәскеу» клубы мен Словакия құрамасының бұрынғы шабуылшысы Мартин Якубко ASnews.kz сайтына берген сұхбатында Қазақстанның Ұлттар лигасындағы матчтары жайлы пікір білдірді.
«Словакия құрамасы 2022 жылғы жеңілістер үшін реванш алғысы келеді. Бірақ сол уақыттан бері Қазақстан айтарлықтай күшейді. Бізде де буын алмасу үрдісі жүріп жатыр: құрамға жас футболшылар келді, солардың ойынын көру қызық болады. Қайта жеңе аламыз ба, жоқ па – айту қиын.
Жасы үлкен жартылай қорғаушылар туралы айтсақ, мәселе бапкердің қазіргі ойыншыларға қатты сенуінде. Словакияда олардың орнын баса алатын дарынды жастар аз емес, бірақ соған қарамастан ол тіпті Испания чемпионатында ойнап жүргендерді де шақырмай отыр. Дегенмен, жаңағы егде жастағы футболшыларлың жасы 32–34-те емес, 28–29-да, бұл – ойыншының нағыз шарықтау кезеңі», – деді Якубко.
Талғат Байсуфинов жаттықтыратын Қазақстан құрамасы бір топта Словакия, Молдова және Фарер аралдарымен ойнайды. Төрт жыл бұрын Қазақстан Словакияны екі рет жеңген болатын (1:0, 2:1).
Мартин Якубко ұлттық құрамада 2004 жылдан 2015 жылға дейін өнер көрсетті. РПЛ-де ойнаған экс-шабуылшы 41 матч өткізіп, 9 гол соқты.
Басты жаңалықтар
ҚПЛ 27 қазан, 15:49
Чемпиондар лигасынан жанкүйерлермен жанжалға дейін: Уразбахтин «Қайраттан» қалай кетті
1Турнирлік кесте
Қазақстан Премьер-Лигасы
#
Команда
Ұпай
1
68
2
64
3
53
4
51
5
46
6
45
7
41
8
35
9
33
10
33
11
30
12
29
13
27
14
27
15
26
16
25
Әлишер Аманжол