Матч орталығы
Шотландиялық сарапшы – Чесноков туралы: оның «Хартста» өзіне тиесілі орны бар, алаңдауға негіз жоқ
31 қаңтар, 16:28

Фото: Ислам Чесноков
Edinburgh Evening News басылымының тілшісі Барри Андерсон ASnews.kz сайтына берген сұхбатында Роджерс Матоның «Хартсқа» қосылуы Ислам Чесноковтың командадағы ойынына қалай әсер ететіні жөнінде пікір білдірді.
«Чесноков үшін ештеңе өзгермейді – Мато оң қапталға емес, сол қапталға алынып отыр. Командаға тек бәсекелестік қажет болды», – деді сарапшы.
Мато – 22 жастағы Угандадан шыққан әмбебап шабуылшы. «Хартс» оны маусым соңына дейін Солтүстік Македонияның «Вардар» клубынан жалға алды, ал маусым аяқталған соң тараптар толыққанды трансферді рәсімдейді.
26 жастағы Чесноков шотландиялық клуб сапындағы алғашқы ойынын ел Кубогында «Фалкиркке» қарсы өткізді (пенальти сериясы – 4:5). Қазіргі таңда «Хартс» чемпионат кестесінде бірінші орында тұр.
Әлишер Аманжол