Матч орталығы
Футзал комментаторлары алдындағы берешек осы аптада өтеле бастайды: ҚФФ диалогқа қосылды
27 қазан, 21:11

Қазақстан футбол федерациясының (ҚФФ) бас хатшысы Скотт Манн спорт комментаторлары алдындағы берешек мәселесін шешуге белсене араласты.
ҚФФ басшысы журналистердің өзімен онлайн-сұхбат жүргізіп, сондай-ақ Sport Innovation компаниясының өкілдерімен бетпе-бет кездесу өткізді.
Федерация өкілдері бұл мәселенің Қазақстан футзал қауымдастығы мен Sport Innovation компаниясы арасындағы шарттық қатынастар аясына жататынын түсіндірді. Соған қарамастан, ҚФФ диалогқа белсене қатысып, туындаған жағдайды тезірек шешу үшін барлық қажетті көмекті көрсетіп жатыр.
Келіссөздер қорытындысы бойынша Қазақстан футзал қауымдастығы мен Sport Innovation негіздемелік келісімнің басты шарттарын келісті. Тараптар барлық қатысушылар алдындағы қаржылық міндеттемелерді толық орындау басты басымдық болып табылатыны туралы ортақ пікірге келді. Ең алдымен, қаражатты комментаторларға төлем жасайтын қосалқы мердігерлерге бағыттау жоспарланып отыр.
Алғашқы транш осы аптаға жоспарланған, одан кейін Sport Innovation компаниясы берешекті кезең-кезеңімен өтей бастайды. Кездесу аясында Скотт Манн комментаторларға мәселені шешу алгоритмін егжей-тегжейлі түсіндірді, ал диалогқа қатысушылар ұсынылған ақпаратты түсіністікпен қабылдады.
Ахмет Ержанов