Матч орталығы
Шотландиялық эксперт – Кенжебек туралы: оны «Хартсқа» ауысады деп ойламаймын
14.10.2025 11:22

Фото: Ғалымжан Кенжебек
WhoScored.com сарапшысы және Perth to Peisley подкастының жүргізушісі Адам Кеннеди ASnews.kz тілшісіне Ғалымжан Кенжебектің «Хартсқа» ауысу мүмкіндігі туралы айтты.
«Бұл жақында ғана шыққан қауесет. Менің ойымша, «Хартс» Кенжебекке шынымен де қызығушылық танытады деп ойламаймын. Британдық бұқаралық ақпарат құралдары соншалықты жалқау және немқұрайлы болғандықтан, клуб Чесноковпен келісімшартқа отырғаннан кейін Ғалымжан туралы хабарды бірден таратқан сияқты. Бірақ қазақстандық ойыншылардың Ұлыбританияда ойнап кететініне еш күмәнім жоқ.
«Селтикті» Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңінен шығарып жіберген «Қайратты» еске түсірейік. Сондықтан бәрі мүмкіндікке байланысты және «Хартста» қазір Блумның инвестициясы жұмыс істеп тұр», – деді Кеннеди.
«Харистың» негізгі инвесторы Тони Блум – «Брайтон» және «Юнион» клубтарының да қожайыны. Оның байлығы 1,3 миллиард фунт стерлингке бағаланады.
Жеті матчтан кейін «Хартс» Премьер-лигада 19 ұпаймен көш бастап келеді. «Тобылдың» шабуылшысы Ислам Чесноков командаға қаңтар айында қосылады.
Бұған дейін сарапшы Чесноковтың шотландиялық клубтың негізгі ойыншысына айналуы мүмкін екенін айтқан болатын.
Басты жаңалықтар
Басқа 27 қазан, 21:11
Футзал комментаторлары алдындағы берешек осы аптада өтеле бастайды: ҚФФ диалогқа қосылды
1Халықаралық футбол 27 қазан, 17:19
Сәтпаевтың командасын алдағы матчтарға кім дайындайды? Хайенмен бірге екі көмекшісі қызметінен кетті
4Турнирлік кесте
Қазақстан Премьер-Лигасы
#
Команда
Ұпай
1
68
2
64
3
53
4
51
5
46
6
45
7
41
8
35
9
33
10
33
11
30
12
29
13
27
14
27
15
26
16
25
Әлишер Аманжол