Матч-орталығы
Тигран Барсегян үздік қазақстандық футболшыны атады
10.08.2025 12:33

Фото: Тигран Барсегян
Кезінде «Қайсар» мен «Астана» сапында доп тепкен қазіргі «Слован Братиславаның» ойыншысы Тигран Барсегян үздік қазақстандық футболшыларды атады.
«Асхат Тағыберген, Бауыржан Исламхан, Дастан Сәтпаев, Абат Айымбетов, Исламбек Қуат және Абзал Бейсебеков. Мен үшін осылардың ішіндегі ең үздігі – Асхат. Жақында оның ұлттық құрамадан кеткенін естідім. Не болғанын толық білмеймін. Мен де ұлттық құрамада бір жыл ойнамадым. Бас бапкермен арада түсініспеушілік болды. Белгілі бір уақыт келеді. Футболшы клубтағы ойындарынан кейін бір апталық үзілісін жанұясымен өткізуді қалайды. Себебі олар 14-15 жыл бойы робот сияқты өмір сүреді. Балаларының қалай өсіп жатқанын білмей де қалады.
Асхат ұлттық құрамаға барын берді. Жақсы голдар соқты. «Қайсарда» да, ұлттық құрамада да капитан болды. Ол бұл шешімі үшін өкінбейді деп ойлаймын», – деді Барсегян.
Тигран 2019 жылы «Қайсардың», 2020-2021 жылдары «Астананың» намысын қорғады.
Тағы да оқыңыз
Басты жаңалықтар
Еурокубоктар 7 тамыз, 14:24
Белгілі төреші «Тобылдың» жеңілісі туралы: «Партизан» пенальтиден және екі сары қағаздан аман қалды
2Ұлттық құрама 7 тамыз, 12:43
Қазақстан ұлттық құрамасының жаңа бапкері Ван ’т Схип Дастан Сәтпаев жайлы айтты
3Ұлттық құрама 7 тамыз, 12:21
«Қазақтар – нағыз жауынгерлер»: Джон ван ’т Схиптің ұлттық құраманың бас бапкері ретіндегі алғашқы сөзі
4Турнирлік кесте
Қазақстан Премьер-Лигасы
#
Команда
Ұпай
1
46
2
45
3
35
4
33
5
31
6
28
7
27
8
23
9
22
10
22
11
21
12
20
13
19
14
19
15
17
16
16