Матч орталығы
«Атырау» тәжірибелі легионермен қоштасуы мүмкін
2 қараша, 10:55

Фото: Егор Хаткевич
Беларусьтік қақпашы Егор Хаткевич «Атыраудан» кетуге жақын, деп хабарлайды ASnews.kz.
38 жастағы қақпашының келісімшарты осы жылдың соңында аяқталады, ал клуб басшылығы ойыншыға жаңа келісім ұсынуды жоспарлап отырған жоқ. «Мұнайшылар» бұл позицияға алмастырушы іздеуге кірісіп кетті.
2026 жылғы маусымда Хаткевич команда сапында барлық турнирлерде 23 матч өткізіп, 29 гол жіберіп алды және бес рет қақпасын голдан аман сақтап қалды.
Еске салайық, «Атырау» 30 ұпай жинап, чемпионатты 13-орынмен аяқтады.
Егор Хаткевичтің трансферлік құны 75 мың еуроға бағаланып отыр. Қазақстанда беларусьтік легионер 2023 жылдың басынан бері өнер көрсетіп келеді – «Атыраудан» бөлек, ол 2025 жылы «Тұранның» намысын қорғады. ҚПЛ-ға келгенге дейін қақпашы өз елінде минскілік «Динамо», «Ислочь», «Торпедо-БелАЗ», «Нафтан», «Гомель», «Витебск» және басқа да бірқатар беларусьтік клубтарда ойнаған.
Әлім Динасылов