Матч орталығы
ҚПЛ экс-ойыншысы – «Қайрат» пен «Аталанта» ойыны туралы: нағыз қазақи мінез көрсету керек
2 қараша, 20:14

«Тобылдың» бұрынғы шабуылшысы әрі «Аталантаның» түлегі Годберг Купер ASnews.kz сайтына берген сұхбатында алматылық «Қайраттың» Конференция лигасының үшінші турында италиялық клубқа қарсы қалай ойнауы керектігі туралы пікірін бөлісті.
«Олар әдеттегідей өз ойындарын көрсетуі керек – өз-өздері болып, нағыз қазақи мінез танытуы қажет: ешқашан еңсе түсірмей, соңына дейін күресу керек.
Иә, Конференция лигасы – Чемпиондар лигасы емес, бірақ бұл турнирдің маңызы жоқ дегенді білдірмейді. «Қайраттың» арқасында Қазақстанның рейтингі көтерілді. Бұл турнирде «Аталанта», «Монако», «Аякс», «Брайтон», «Трабзонспор», «Университатя Крайова» және өзге де өте мықты клубтар өнер көрсетеді. «Қайрат» үшін бұл мүмкіндігінше алысқа баруға тамаша мүмкіндік», – деді Купер.
Конференция лигасы 2026/27 маусымының жалпы кезеңіндегі «Аталанта» мен «Қайрат» арасындағы матч 5 қарашада Бергамода өтеді.
Айта кетейік, Бергамоның 29 жастағы тумасы Годберг Купер – «Аталанта» академиясының түлегі. 2024 жылы италиялық форвард қостанайлық «Тобыл» сапында өнер көрсетіп, 15 матч өткізді, екі гол соқты және Қазақстан Суперкубогын жеңіп алды.
ҚПЛ-2026 маусымының «гол+пас» жүйесі бойынша үздік ойыншысы анықталды
Әлім Динасылов