Матч орталығы
Сарапшы еуропалық құрама ойыншысының ҚПЛ-ға ауысу мүмкіндігін бағалады
13 қараша, 19:41

Фото: Влад Рэйляну
«Молдова-1» телеарнасының тілшісі Думитру Чолаку ASnews.kz тілшісіне берген сұхбатында кишиневтік «Зимбрудың» жартылай қорғаушысы Влад Рэйлянудің Қазақстан премьер-лигасы клубына ауысуы мүмкін екендігі туралы ақпаратқа пікір білдірді.
«Қазір «Зимбруда» командаға қаржылай қолдау қажет болатын жағдай қалыптасып отыр. Олар осыдан бірнеше жыл бұрын жарақат алған бұрынғы ойыншыларының бірімен соттасты, сөйтіп клубқа қомақты қаржы төлеу міндеттелді. Трансферлік кезең белсенді болатын қаңтар айында құрамда өзгерістер болуы әбден мүмкін. Сондықтан бұл қызығушылықтың негізі бар.
Егер бұл жігіттің дарындылығын Қазақстанда байқаған болса, оның кетуге мүмкіндігі бар. Рэйляну – өте дарынды футболшы. Ол өзін, әсіресе барлық жас санаттарындағы ұлттық құрамаларда жақсы қырынан көрсете білді. Соңғы кездері ол негізгі құрамда жиі алаңға шықпай жүр, бәлкім, бәсекелестік жоғары шығар: шетелдіктер мен талантты жастар көп. Бірақ егер ол осыдан бір-екі жыл бұрынғы физикалық бабына қайта оралса, Қазақстанның жоғары лигасында жақсы өнер көрсете алатын футболшы», – деді Чолаку.
Еске сала кетейік, бұған дейін аты аталмаған амбициялы ҚПЛ клубының 23 жастағы шабуыл шебіндегі жартылай қорғаушыға қызығушылық танытып отырғаны белгілі болған еді. Қазақстандық команданың басшылығы футболшының өкілімен байланысқа шығып үлгерді.
Қазіргі уақытта Влад Рэйляну жарақат алған, осыған байланысты жартылай қорғаушы Қазақстан құрамасына қарсы матчта өз ұлттық командасына көмектесе алмайды.
Ұлттар лигасының бесінші туры аясындағы Молдова мен Қазақстан құрамалары арасындағы бетпе-бет матч 13 қарашада Кишиневтегі «Зимбру» стадионында өтеді. Ойын Астана уақытымен 22:00-де басталады.
«ҚПЛ-ға ауыссын»: Молдовада «Зимбру» футболшысының Қазақстанға келу мүмкіндігін бағалады
Әлім Динасылов