Матч орталығы
«ҚПЛ-ға ауыссын»: Молдовада «Зимбру» футболшысының Қазақстанға келу мүмкіндігін бағалады
13 қараша, 09:47

Фото: Влад Рэйляну
Молдова ұлттық құрамасының баспасөз хатшысы Виктор Даги ASnews.kz тілшісіне берген сұхбатында кишиневтік «Зимбрудың» жартылай қорғаушысы Влад Рэйлянудың Қазақстан премьер-лигасына ауысу ықтималдығына қатысты пікір білдірді.
«Қазіргі уақытта Влад жарақат алған, ол екі-үш турды өткізіп жіберді. Дегенмен бұл өте мықты, талантты әрі болашағы зор футболшы. «Зимбруға» дейін ол Украинада өнер көрсеткен. Менің ойымша, оған сол жаққа ауысу керек. Бұл трансферден ойыншының өзі де, оның жаңа командасы да ұтады», – деп атап өтті Даги.
Еске сала кетейік, бұған дейін аты аталмаған амбициясы жоғары ҚПЛ клубының 23 жастағы шабуыл шебіндегі жартылай қорғаушыға қызығушылық танытып отырғаны белгілі болған еді. Команда басшылығы Кишиневте бес жыл өнер көрсеткеннен кейін жаңа белестерді бағындыруға дайын футболшының өкілімен байланысқа шығып үлгерді.
Молдова суперлигасының биылғы маусымында Рэйляну 14 матч өткізіп, бір нәтижелі пас берді. Өткен жылдың соңында ол өз елінің ұлттық құрамасы сапында алғашқы ойынын өткізді, ал бұған дейін жалға алу құқығымен украиналық «Рухтың» намысын қорғаған болатын.
Молдова құрамасының футболшысы мансабын ҚПЛ-да жалғастыруы мүмкін
Әлім Динасылов